{metadescription}
Олимпиада: Қазақстан медаль санынан 75 орында
Олимпиада: Қазақстан медаль санынан 75 орында

Олимпиада: Қазақстан медаль санынан 75 орында

Қоржынымызда тағы бір қола. Бүгін Токио Олимпиадасында аса ауыр салмақта жұдырықтасқан боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев финалға шыға алмай, қола жүлдені қанағат тұтты. Әзірге Қазақстан медаль саны бойынша 75 орында.

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны жартылай финалда америкалық былғары қолғап шебері Ричард Торрезге есе жіберді. Үшінші раундта қазақстандық боксшының мұрны жарылып, жекпе-жек уақытынан бұрын тоқтатылды. Жартылай финалға жолдама алған тағы бір боксшымыз Сәкен Бибосынов шаршы алаңға ертең шығады.

Бүгін еркін күрестен ел намысын қорғаған Нұрислам Санаев үндістандық балуан Рави Кумардан айласын асыра алмады. 57 келіге дейінгі салмақта белдесетін Санаев енді қола медальға таласады.

Ел қоржынында қазір тек 4 қола медаль бар.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде