Елорда «қою қызыл» аймаққа тиесілі шектеулерін өзгертпейді
Эпидахуал тұрақталмайынша, Нұр-Сұлтан «қою қызыл» аймаққа тиесілі шектеуден бас тартпайды. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысы да елорда аталмыш аймақта болғанда жарияланыпты. Оны өзгертуге Сархат Бейсенова асықпайды, ол жағдайдың қалыпқа келгенін күтеді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
04.08.2021
Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері:
- Нұр-Сұлтан қаласы 18-шілде - 2 тамыз аралығында «қою қызыл» аймақта болды. Бұл төсек жүктемесіне және төсек-орынның толық болуына байланысты болды. Және осы сәтте «қою қызыл» аймаққа тиесілі шектеулер қабылданды. Бүгінде тек екінші күні ғана «қызыл аймақта» тұрмыз. Жағдай тұрақталғанға дейін қаулы сол күшінде қала береді.
Еліміздің бас шаһарының үш аптадан аса «қою қызыл» аймақта болғаны бүгін ғана белгілі болды. Бұған дейін бұл ақпарат еш жерде жарияланбаған. Тіпті жаңа түс елдің эпидемиологиялық картасында да әлі пайда болған жоқ. 3-тамыздан бастап «қызылға» ауысқан елорданың инфекциялық станционарларындағы қазіргі жүктеме 69 пайызға түсіпті. Бүгінде ауруханада 2700-ден астам науқас ем алып жатыр, оның 10 пайызының жағдайы тым ауыр. Вирус жұқтырғандардың тіркелуі маусым айында 388 адам болса, шілдеде бұл сан 1200-ге бір-ақ өскен. Соңғы 19 күнде тәулігіне тіпті 1500-дей жағдай тіркелуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!