{metadescription}
Таразда асфальттан жарты сағат субұрқақ атқылады
Таразда асфальттан жарты сағат субұрқақ атқылады

Таразда асфальттан жарты сағат субұрқақ атқылады

Таразда асфальт астынан атқылаған субұрқақ жол қозғалысын тоқтатып тастады. Қатты екпінмен аққан құм аралас су жарты сағат бойы тоқтамаған. Құдай сақтап, оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Атқылаған су қайта суық екен. Оны коммуналшылар көп ұзамай тоқтатты. Сөйтсе, жер астындағы тозығы жеткен жылу құбыры жарылған екен. Коммуналшылар олардың алдағы маусымға дайындығын тексеріп жүрген. Бірақ, сынақтың сәтсіз өткенін көріп отырмыз. Енді олардың бүлінген құбырды қалпына келтіруіне тура келеді. Бұған қоса су жаңа асфальтты жөндеу қажет.

Зият Тұрсынұлы, Тараз қаласы тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- 1974 жылы салынған құбыр. Сол шірігі пайда болды. Қазіргі уақытта тез арада бір күн ішінде біз қалпына келтіретін боламыз. Сондықтан, мынау жолды қазір 1 сағаттың көлемінде ашатын боламыз. Ешқандай кедергі жоқ. Орнына келтіретін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.