Түркияда отель қымбаттады
Түркияда отель бағасы көтерілді. Төрт теңіздің бірінің жағасында күнге қыздырынғысы келетін туристер енді 20 пайызға артық шығындалатын болды.
Автор: Аруна Ортай
05.08.2021
Әсіресе Жерорта теңізін жағалай орналасқан бес жұлдызды отельдерден бастап, қарапайым қонақ үйлерге дейін бағасын өсірді. Атап айтқанда, 20,63 пайызға қымбаттады. Сарапшылар мұндай баға бұрын-соңды болмаған деп отыр. Яғни, бұл рекордтық қымбаттау. Десе де, соған қарамастан теңіздің суы мен ауасын аңсап келетін туристердің ағымы азаймаған. Соны қолданып отель қожайындары тамыз айында бағаны тағы 2,72 пайызға көтеріпті. Отельдермен бірге, мейрамханалар да қымбаттады. Туристер енді тамаққа 20 пайыз артық төлейтін болады. Өйткені, елде азық-түлік пен сусындардың бағасы 25 пайызға өскен. Қымбатшылықтың кесірінен отельдердің біразы жабылудың алдында тұр. Мәліметтерге қарағанда, 100-ге жуық отель банктерге қарыз. Карантин мен соңғы алапат өрттің салдарынан кәсіпкердің көбі қарыздарымен есептесе алмай отырған көрінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!