{metadescription}
Олимпиада: Алтын да, күміс те жоқ
Олимпиада: Алтын да, күміс те жоқ

Олимпиада: Алтын да, күміс те жоқ

Алтын да, күміс те жоқ! Төрткіл әлем көз тіккен Токио Олимпиадасының аяқталуына 3 күн қалды. Ал Қазақстан қоржынында әзірге тек 7 қола. 1996 жылдан бері Олимп шыңын бағындырып келген боксшыларымыз да биыл тұңғыш рет алтынсыз қалды.

Үкілеп үміт артқан былғары қолғап шеберлеріміз алтын тұрмақ финалға да шыға алмады. Грек-рим күресінен сынға түскен балуандарымыз да бірінен кейін бірі сүрінді.

Токио төрінде бүгін боксшымыз Сәкен Бибосыновқа артылған жүк ауыр болды. Өйткені, осыған дейін шаршы алаңға шыққан 8 былғары қолғап шеберіміз финалға жете алмай сүрінген еді. Ал Қазақстан құрамасы бокстан Атланта Олимпиадасынан бері алтынсыз қайтпаған. Намысқа тырысқан Сәкен шаршы алаңда бар күш-жігерін жұмсап, тек алға ұмтылды. Бірақ төрешілер тартысты өткен жекпе-жекте британдық боксшы Джалал Яфаиды жеңімпаз деп таныды. Ал Бибосынов қола жүлдегер атанды. Осылайша, бокстан Қазақстан құрамасы тұңғыш рет төртжылдықтың басты додасында күміс пен алтын жүлдесіз қалды.

Сәкен Бибосынов, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері:

- Токио Олимпиадасына алтын аламын деп келгем. Бірақ қола жүлде бұйырып тұр екен. Жанкүйерлерді, қазақ халқын алтынмен қуантып, Токио төрінде әнұранымызды ойнатуды басты мақсат еттім. Өкінішке қарай, ол арманыма жете алмадым. Бар күш-жігерімді салдым. Соңына дейін жұдырықтастым. Бірақ сәттілік жетпеді.

Грек-рим күресінен сынға түскен балуандарымыз да бірінен кейін бірі жарыс жолынан шығып кетті. Ал еркін күрестен бүгін Нұрислам Санаев қола медальді жеңіп алды. Ол болгариялық балуан Георгий Вангеловтан басым түсті. Алдағы күндері тағы бір қазақстандық балуан Данияр Қайсанов қола медаль үшін таласады. Үкілеп үміт артқан спортшыларымыздың жеңілісі күллі қазақстандық жанкүйерлердің көңілін күпті қылды. Спорт журналисі Сергей Райлян да ел бюджетінен миллиондаған қаражат бөлінетін спорт саласына түбегейлі реформа керек деп ойлайды. 

Сергей Райлян, спорт журналисі:

Біздің елде барлық спорт түрі құлдырап кетті. Жыл сайын осы салаға қыруар қаражат бөлінеді. Алайда одан нәтиже шамалы. Ел құрамасында легионерлер де жеткілікті. Оларға да көп ақша кетті. Спорт саласына реформа қажет. Нағыз кәсіби мамандарды осы салаға тарту керек. Сосын балалар спортын дамытқан жөн. Спортшыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың дайындығына тың көзқарас керек.

Қазақстандық каратэші Дархан Асаділов те бүгін қола жүлдегер атанды. Үш бірдей қарсыласына мүмкіндік бермеген Дархан жартылай финалда франциялық каратешіге есе жіберіп, қола медальді қанағат тұтты. Айта кетейік, Токио Олимпиадасына Қазақстан құрамасы 96 спортшы бағын сынауға келген еді. Бірақ көбісі жарыс жолынан шығып кетті. Ал дүбірлі доданың аяқталуына 3-ақ күн қалды. Бір әттеген-айы ел қоржынында әзірге тек қола медальдар.Оның саны - жетеу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.