Жем-шөп бағасы шарықтап, жұрт малын соя бастады
Қазақстанда малдың жем шөбінің бағасы шарықтап барады. Елдің солтүстігінде бір түк шөпке 12 мың теңге сұрап тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Шарулар амалдың жоқтығынан қолда бар малдың көбін етке жібергелі отыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
05.08.2021
Бір қызығы бұл мәселе шенеуніктерді алаңдатып отырған жоқ. Олар бағаның шөп құнынының тым қымбат екеніне сенбейді екен. Ал ауылшарушығы саласының мамандары мұның арты ет бағасының шарықтауына әкелетінін айтып дабыл қағып жатыр.
- Я кормила его, варила ему еду. Кормила его. Теперь мне придется его зарезать.
Наталья Фабер малдың жайын ойласа жыларман күйге түседі. Мына торпақтар отбасындағы жалғыз табыс көзі. Мал басын екі есе азайтқанның өзінде қолда қалған 13 ірі қараның аузына салатын ас жоқ. Өйткені былтыр 3 мың теңге тұратын бір түк шөптың биылғы құны 12 мың теңге.
Николай Иванов, кәсіпкер:
- Әкімнің өтініші бойынша кешегі өткен жиналыста шөптің бір түгінің бағасын 5 мың теңгеден асырмауға келістік. Мен тіпті 4 мың теңгеге де сатайық деген ұсыныс жасадым. Бір түкте 300 келі бар.
Бұл бағалар ауылдағылардың мал ұстауына үлкен кедергі. Өйткені бұзауды тайнышаға жеткізер екі жылда аузы 25 түк шөпті күйсеп тастайды екен. 300 теңгені жем шөпке кетсе, оның етінің құны өсері сөзсіз. Бірақ шенеуніктер бұл мәселеде алыңдатып отырған жоқ. Сатып алуға қаражатың жетпесе барып шауып ал деп қарап тұр.
Медет Оспанов, Есіл ауданының әкімі:
- Тұрғындар шабылған дайын шөпті күтіп отырады. Әкеліп түсіріп жинап беру керек оларға. Егер сен мал ұстап, оның сүтін сауып, сойып етін сатумен айналыссаң. Табыс көзің осы болса әкімдііке өтініш жаз. Біз шабындық жерді тауып береміз, сол жерден өз күшімен шауып алады.
Наталья Фабер, Покровка ауылының тұрғыны:
- Бізде трактор бар, бірақ оның шалғысын сатып алу керек. Ол 500 мың теңге тұрады. Шөпті түктейтін құрылғының бағасы 3 миллион теңге. Шөп шабу үшін осылардың барлығы өзімізде болуы керек.
Жем-шөптің бағасы жөнінде ауылдағылар әр қилы пікір білдіреді. Шөпшілер қуаңшылықты алға тартса, кейбірі жауын шашыннан шөпті шірітіп алдық дейді. Енді біреулері шөптің экспорттық қымбат құнын айтса, жанар жағар май бағасының өсуін негізге алатындар да бар.
Мұхаметжан Садыбеков, Доскей ауылының тұрғыны
- ГСМ ның қымбаттығы, майдың қымбаттығы, сайманның қымбаттығы олар жаңағы шөп шауып жатқан кісілерге де қатты ренжуге болмайды. Олар да қымбатқа әкеп жытар. Оның үстінде ауылшаруашылықта ең ауыр жұмыс шөпті дайындау мәселесі. Өте ауыр жұмыс. Ыстық жерді күйдіріп жіберді. Мал жаятын жердлер де бұрынғыдай емес.
Ал сарапшылар шөптің құны негізсіз көтерлігеніне сенімді. Бұған батыс өңірлеріндегі қуаңшылық төңірегіндегі дүрлікпе себеп екен. Бүгінгі қолдан өсірліген шөптің құнын дүкеннен азық түлік алатын қарапайым тұрғындар қалтасынан төлейді.
Кирилл Павлов, сарапшы:
- Маңғыстау мен Қызылорда облыстарындағы қуаңшылықтың дүрлікпесі мен байбаламын алыпсатарлар оңтайлы пайдаланып отыр. Ол өңірлерде мал басы соншалықты көп емес. Бірақ сонда да болса осы сәтті ұтымды пайдаланғандар, ертең ет сүт өнімдері бағасының өсуіне жол ашты.
Солтүстік өңірдегі орақ науқаны бір екі аптада аяқталады. Одан кейін жем шөптің одан әрі қымбаттайтынын болжаған тұрғындар биліктен бағаны тұрақтандыруды сұрайды. Ал қуаңшылықтан зардап шеккен оңтүстік пен батыс өңірлерге еуроодақ жәрдемдеспек. Олар гуманитарлық көмек ретінде 200 мың еуро бөлетін болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!