{metadescription}
Caspian food ұжымындағы әйелдер наразылыққа шықты
Caspian food ұжымындағы әйелдер наразылыққа шықты

Caspian food ұжымындағы әйелдер наразылыққа шықты

Маңғыстау облысында «Caspian food» серіктестігінің ұжымындағы әйелдер наразылыққа шықты. «Қаражанбасмұнай» компаниясының қызметкерлеріне тамақ дайындайтын аспаздар  айлығымызды көтерсін деп талап қойып отыр.

- «Қаражанбас» кен орнындағы ТОО Caspian food-тың» түгелдей жұмысшыларының атынан төмендегідей талап қоямыз. Бірінші талап: жалақымызды екі есеге яғни, 180-200 мыңға дейін көтерсін деп талап етеміз! Талап етеміз!

Олар әлеуметтік төлемдерді реттеу, радиациялық жерде жұмыс істегені үшін сүт өнімдерін тегін беру, ауыр жұмыс жасағандарына қосымша ақы төлеу, жылдың аяғында он үшінші айлық беру, ауырып қалған жағдайда төлемді көбейту сынды алты талап қойған. Ереуілшілердің айтуынша, мекеме әр 15 күн сайын жұмысқа келетіндерге ПТР тестін олардың өздеріне төлетеді екен. «Мұның бәріне енді төзе алмаймыз» деп отыр наразылар. «Қаражанбас» кен орнындағы мұнайшыларға тамақ дайындаумен айналысатын «Caspian food» қызметкерлері тапқан табысымыз дымға жетпейді дейді. Кейбірі әлеуметтік жағдайлары нашар және жалғыз өздері отбасының асыраушылары екенін айтты. Сондықтан мекеме жалақы мәселесін қайта қарамаса болмайды дейді. Тіпті осы мәселені шешпейінше жұмысқа шықпауға бекініп отыр. Осы мәселе бойынша «Caspian food» мекемесінің жұмыс телефондарына хабарласқанымызбен тұтқаны ешкім көтермеді. «Қаражанбасмұнай» компаниясы  болса өздеріне қызмет көрсететін мекеменің ішкі шаруасына араласа алмаймыз деп отыр. Еңбек инспекциясы да жауап беруден жалтарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.