{metadescription}
COVID-19: 2500 науқас өмір мен өлім арасында жатыр
COVID-19: 2500 науқас өмір мен өлім арасында жатыр

COVID-19: 2500 науқас өмір мен өлім арасында жатыр

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың антирекорды жаңарды. Бір күнде еліміз 158 тұрғынынан айырылды. Тыныс алу аппаратына қосылғандардың да көрсеткіші көңіл көншітпейді. 200-ден астам науқас жасанды демалып жатыр. Елдегі эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі.

Күннен-күнге сырқат көбейіп жатыр. 17 өңірдің біреуі ғана «жасыл» аймақта. Қатаң шектеу шараларына көшіп жатқан аймақтар демалыс күндері қоғамдық көліктерін тоқтатады. Одан өзге де күшейтілген карантин талаптары қандай?

Коронавирустың таралуы бойынша кедомствоаралық комиссияның күнделікті жариялап отырған ақпаратында Алматы қаласы бірнеше күннен бері алдыңғы орында. Оңтүстік астанада қауіпті індетті жұқтыру осы аптада 1500-нан түспеді. Нұр-Сұлтанда да ауруға шалдыққандар қатары кемудің орнына тіпті артып барады. Бір күнде 80 науқас ауруханаға жатқызылды. Жалпы ем қабылдап жатқандар саны – 1434.

Әйгерім Ардаққызы, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- 5-тамызға сәйкес, инфекциялық стационарларда 2722 науқас ем қабылдап жатыр. Төсек-орын жүктемесі 70 пайыз. Қазір 262 адам жансақтау бөлімшесінде. 45 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ауруханаға түскендердің саны 309-ға жетті. Емделіп үйге шығарылғандар саны 280.

Кеше ғана «қою қызылдан» «қызыл» аймаққа оралған елордада қатаң карантин шаралары коронавирус деректері азаймайынша, өз күшінде қала береді. Демалыс күндері барлық шағын және орта бизнестің екі күнге жұмысы тоқтатылады, қоғамдық көліктер де жүрмейді. Дәл осындай шектеу сырқаттары көбейген Өскемен және Семей  қалаларында да қабылданып жатыр.

Қанат Тұрдиев, ШҚО бас санитар дәрігері:

Алдағы  демалыс және мереке күндері қалалар мен елдімекендер ішіндегі қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл шара демалыс күндері халықтың жүріп-тұруын азайту арқылы індеттің таралу динамикасын бәсеңдетуге бағытталған.

Шығыс Қазақстан облысы мұндай шараларды эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап сырқат көбейген соң қолға алып отыр. Аймақта бір тәулікте індеттің ілмегіне 288 адам ілікті. Әсіресе дерттің көбеюі Өскемен мен Семей шаһарында белең алған. Қос қаланы қосқанда 251 науқас тіркеліп отыр. Бұғанға дейін өңірдің бас санитар дәрігері 3-тамыздан бастап 16-тамызға дейін карантин талабын күшейткен еді.  Бірақ жаңа қаулы вирустың таралуына тосқауыл бола алмады. Қазір өңір ауруханаларында 804 адам ем қабылдауда. Оның 76-сы жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазіргі уақытта өңірлер арасында тек Түркістан облысы ғана "жасылға" боялған. Вирус жұқтырғандар көрсеткіші Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды сияқты аймақтарда көптеу. Бірақ бұл басқа өңірлерде ахуал жақсы дегенді білдірмейді. Қазақстанның 16 аймағы «қызылда» тұр.

Коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тесттің 7792-сі бір күнде оң нәтиже көрсетті. 107 мыңнан астам қазақстандық стационарларда және үйінде ем алып жатса, 2500-дей адам аппарат арқылы тыныс алып, өмір мен өлім арасында жатыр.

Қазақстанда қос өкпесі қабынып көз жұмғандардың бұрын-соңды болмаған антирекорды тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, сейсенбі күні 158 отандасымыз о дүниеге аттанған. Коронавирустан ең көп – елордалықтар, ал коронавирус пневмониясынан маңғыстаулықтар бақилық болған. Пандемия басталғалы 10 мыңнан аса қазақстандықтан айырылыппыз. Бүгінде еліміз әлемде коронавирустың таралуы бойынша матрицада «қызыл» аймақта орналасқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.