Педофил қаланың қақ ортасында кішкентай қыздарға тиіскен
Петропавлда жасөспірім қыздарды зорлаған екінші педофил де қолға түсті. Айдын-күннің аманында азғындар қаланың қақ ортасында кәмелетке толмаған қыздарға сексуалды сипатта қылық көрсеткен.
Автор: Салтанат Шырынхан
05.08.2021
Сұмдық оқиға қалада екі күн қатарынан болған. Қаскөйлер алдымен 3-тамызда тубдиспансер жанындағы аялдамада 13 жастағы қызға арам ойын іске асырып, ертеңгі күні Мұхамед пен Рахымов көшелерінің қиылысында 9 жасар қызды бас салған. Қос азғын туралы ақпарат әлеуметтік желіде желдей есіп суреттері тарап кеткен. Бұл жағдайды естіген жұрттың үрейі қашып, балаларын сыртқа шығарудан қалған. Қолға түскен азаматтардың бірі бұрын сотталғаны анықталды. Енді оларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Жарас Сәдібеков, Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:
- Облыс орталығының тұрғыны ұсталынды. Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 121-бабы, 4-бөлігі бойынша жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!