{metadescription}
Қысым көрген Талғар кәсіпкері президенттен көмек сұрайды
Қысым көрген Талғар кәсіпкері президенттен көмек сұрайды

Қысым көрген Талғар кәсіпкері президенттен көмек сұрайды

«Қысыммен кәсібімді жоқ қылмақ!» Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғыны көлік жуу бекетіне шүйліккен жергілікті прокуратураға шағымын білдірді.

Айтуынша, құзырлы орган өкілі бизнесінің 50 пайызын оларға өткізбесе, жұмыс істетпейміз деп қорқытқан. Тіпті ол әңгімені диктофонға жазып алып, Бас прокуратураға шағым түсіргесін, аудан прокурорының аға көмекшісі қызметінен кеткен. Енді араға жыл салып облыстық сот былтыр кәсіпкердің жағына шығарған аудандық сот шешімінің күшін жойған.

- Осыдан бір апта бұрын, көріп тұрсыздар ғой, ,К, әрпін сындырып тастаған, «өлік жуу» болып қалды.

- Қасақана біреу сындырған ба?

- Әлбетте, қалай сынады бұл?

Бақытжан Әбдіхалықов кәсібім құзырлы органның көзіне сүйел болып тұр деп кіжінеді. Былтыр нақақтан нақақ Талғар ауданы прокурорының аға көмекшісі шақырып, бизнесінің бақандай 50 пайызын өткізуді талап етті дейді.

Бақытжан Әбдіхалықов, кәсіпкер:

Маған Абдрасилов мырза хабарласты. Ол ол кезде Талғар ауданы прокурорының аға көмекшісі болған. Кездесуге шақырады, мен Алматыда кездесем онымен. «Ешкім саған тиіспейді, жұмысыңды істейсің, пайдасын бөліп неғыламыз және біз меншік иесі боламыз, екі жақты, көнбеймін десең, 10 млн теңге ақша бер» деді маған.  

Арадағы әңгіменің бәрі жасырын диктафонға жазылған. Сөз сыңайына қарағанда, айтқанға көнбесе, кәсібінің қалай да көзін құртуға бекінген.

Больше, других вариантов нет. Хорошо?

- Хорошо.

После этого дозакреп будет. Дозакреп, потом ты должен будешь отдать, понял, да? Нормально? Тебя это устраивает?

Бұл аудио Бас прокуратураға жеткен соң,  ішкі тексерістен кейін аудан прокурорына сөгіс жарияланса, бопсаламақ болған Әбдіхалықов бар-жоғы қызметінен кетіп, ешқандай іс қозғалмайды.  Сол кезде аудандық сот көлік жуу бекетінің жұмысынан еш кінәрат таппай кәсіпкерді ақтаған шешім шығарады. Алайда арада жыл өткен соң облыс соты аудан сотының шешімінің күшін жояды.

Бақытжан Әбдіхалықов, кәсіпкер:

- Бүкіл диктофон жазбасы, барлығы бар. Не үшін қылмыстық іс қозғалмағанына әлі күнге аң таңмын. Солл үшін өтініш: Құрметті Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біздің Республиканың президенті, бас прокурор, мына заңсыздыққа көмектесуді өтінемін. Заңсыздықты тоқтатыңыз. Біз жеке кәсіпкерміз, мына жерде жұмыс істеп жатырмыз.

Бір жылдан кейін облыстық сотқа арызданған Алматы облысы прокуратурасы сұхбат беруден бас тартты. Ал облыстық сот көлік жуу бекеті орналасқан жер телімі су қорғау аймағының шегінде орналасқандықтан, техникалық талапты бұзды деген жауабын жолдады.

Алматы облыстық соты:

- ҚК-нің 125-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағына сәйкес, «cу қорғау аймағының шегінде көлік жуу және техникалық жөндеу орталығын салуға қатаң тыйым салынған. Аталған заң талаптарын бұзып, Д.Серікбаева Талғар өзенінің арнасынан 75 метр жерде көлік жуу және техникалық жөндеу орталығын салған. Прокурордың апелляциялық өтінішхатындағы уәждер апелляциялық сот алқасымен негізді деп танылып, Талғар аудандық сотының қаулысы бұзылып, көлік жуу және техникалық жөндеу орталығын бұзу міндеттелді.

Бақытжан Әбдіхалықов бұл шешіммен келіспей Жоғарғы сотқа арызданды. Ол жақтан да қайыр болмаса, онда арашаны ел президентінен күтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.