Атырауда бір күнде 5 полицей сотталды
Атырауда бір күнде 5 полицей сотталып кетті. Облыстық мамандандырылған күзет басқармасының бұрынғы бастығы Төлешов екі жылға түрмеге тоғытылды.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
06.08.2021
Полиция полковнигі атағынан айырылып өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Сыбайласы полковник Жомартовқа да дәл осындай жаза тағайындалды. Ал лейтенант Салахиденовке 7 млн. теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Үш полицей топтасып іссапарларға бөлінген қаржы мен материалдық көмекті жымқырыпты. Ал қалған екі полицей есірткі тасымалы үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларды өз әріптестері ұстап берген еді.
Қулығын асырған әкімшілік басқармасының полиция майоры мен капитаны жасыл түсті ұнтақты мотоцикл дөңгелегінің ішіне текшелеп салған. Кейін оны автокөлікке тиеп Атырау-Доссор тас жолы арқылы белгіленген жерге апармақшы болады. Қос полицейдің бірі еңбек демалысында, ал екіншісі қызметте жүргенде ұсталған еді. Оларды тиым салынған заттарды заңсыз тасымалдағаны үшін өз әріптестері қолына кісен салған. Қазір олар да шендендіренен айырылып, 7 жылға темір торға аттанды.
Зәуре Қазақбай, Атырау қаласы №2 сотының судьясы:
- Қанаов және Аймағамбетов! Атырау облыстық ПД-нің қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шығарылды. Олар сот үкімімен аса ірі мөлшердегі есірткі затын заңсыз тасымалдап және оларды сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Кәсіби қызметтік антын бұзып, құқық қорғау қызметкері ретінде жасап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!