Шенеуніктер: Алматыда картоп, сәбіз қымбаттамайды
«Алматыда картоп пен сәбіз енді қымбаттамайды». Шенеуніктер осындай уәде беріп отыр. Қазір бұл көкөністердің бағасы тұрақтандырылған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
06.08.2021
Мәселен, көтерме базарда картоптың келісі 110 мен 120 теңге аралығында сатылып жатыр. Ал бөлшек саудада орташа баға 150 мен 180 теңге төңірегінде. Сәбіз бағасы да түскен. Ал бұған дейін бұл көкөністердің қымбаттауына тапшылық себеп болған екен. Яғни қоймалардағы былтырғы өнім бітіп қалған.
уа райына байланысты Түркістан облысында егілген көкөністер де уақытында шықпапты. Сондықтан өңірлерде картоп пен сәбіз жетіспеушілігі туындады. Шенеуніктер өзге де азық-түлік түрлерінің аспандап кетуіне халық санының көбеюі де себеп дейді. Сондықтан қазір Алматыда тұрақтандыру қоры жұмыс істеп тұр. Оған 10 миллиард теңге бөлінген.
Дамир Тазабек, Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары:
- Азық-түлік бағасының өсуі бүкіләлемдік тренд болып табылады. Қазір енді халықтың өсуі, өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда да 19 миллионға жеттік. Сол үшін бізде өсіріліп жатқан өнім жейтін адамдарға қарағанда азайып жатыр. Сонымен қатар постпандемиялық кезеңде логистиканың нашарлауы кейбір елдердің жабылуы және де біздің қазіргі табиғаттық апаттарға байланысты баға өсуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!