Орталық Азияда вирусология және эпидемиология орталығы құрылуы мүмкін
Орталық Азия елдері аумағында Вирусология және эпидемиология орталығы құрылуы мүмкін. Тоқаев Түркіменстан басшысының бастамасына қолдау білдірді. Бүгін Түркіменстанның Аваза демалыс аймағында бауырлас бес елдің басшылары үшінші консультативтік кездесуде бас қосты. Бұл жиынның басты миссиясы осы аймақта туындайтын өзекті мәселелерді бірлесіп шешу.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
06.08.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Коронавирус пандемиясының сынағы кезінде халықтарымыздың бірлігі бекем болып, бір-біріне көмек көрсетті. Қазақстан достық пен ынтымақтастық аясында бауырлас мемлекеттер мен халықтарға барынша көмек көрсетті және жәрдемдесе де береді. Ғылыми-зерттеу саласында жинақталған тәжірибемізбен бөлісуге де әзірміз. Түрікменстан президентінің вирусология және эпиемиология орталығын құру туралы ұсынысын қолдаймын.
Жақында отандық QazVac вакцинасының 25 мың дозасы Қырғызстанға жіберілген болатын. «Мұндай шаралар әлі де жалғаса береді»,- дейді Тоқаев. Президент бұл жиында Орталық Азия мемлекеттері арасындағы сауданы ұлғайтуды ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстан тауар экспортын бір миллиард долларға дейін арттыра алады. Тоқаев болашақта Орталық Азияның көлік дәліздеріне тауар өткізудің бірыңғай желісін құру қажеттігін де алға тартты. Бұл үшінші мемлекеттердің нарығына шығуға мүмкіндік береді екен.
Бес мемлекет басшыларының кездесуі "Аваза" ұлттық туристік аймағында өтті. Ол Түркіменстанның мақтанышы. Қазақстан Президенті ол жаққа бір күн бұрын барып, бірнеше кездесу өткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!