COVID-19: Алматыда тәулігіне 700-дей адам ауруханаға түсіп жатыр
«Қауіп – алда». Алматыда коронавирус жұқтырғандардың өсімі келесі аптада шарықтау шыңына жетеді. Бұл туралы бүгін айтқаны айдай келетін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
06.08.2021
Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері:
- Біз қазір өсу трендімен жүріп келеміз. Осы аурушаңдықтың шыңына жететін мерзім ол 10-12 тамыз деп айтуға болады. Көбінесе осы аурушаңдықтың таралуы 20-39 жас аралығындағы жастар арасында жұқтыруы байқалып жатыр.
Соңғы үш аптада қалада эпидахуал ушығып кеткен. Күн сайын індетпен тіркелетін науқас саны мың жарымнан түспей тұр. Олардың 90 пайызы «Дельта» штамын жұқтыруда. Тәулігіне 700-дей адам ауруханаға түсіп жатыр. Әсіресе кешкі сегіз бен онның аралығында жедел жәрдеммен инфекциялық стационарға жеткізілетіндер өте көп. Яғни осы уақытта сағатына 130 науқас түседі. Бұл ауруханаларға үлкен жүктеме. Үйде емделіп жатқан науқастар да жетерлік. Қазір күнделікті 3400 адам жедел жәрдем шақырады. Қалада індеттің төртінші толқыны басталғанын ескерткен мамандар тұрғындарды барынша сақтануға шақырып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!