Барлық өңірде коронавирусты жаппай жұқтырып жатыр
Елімізде өткен тәулікте 7769 адамннан короновирус инфекциясы анықталды. Осы кесел кеше ғана 129 науқасты алып тынған. Алдын алмаса ырық бермейтінін айтып мамандар да дабыл қаға бастады.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
06.08.2021
Павлодар облысында ұжымдық имунитетті қалыптастыруға 220 мың адамды вакцинациялау керек. Өйткені өңірде қауіпті кеселді жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Қарағанды облысында да күніне 1000- нан аса тұрғыннан короновирус анықталып жатыр. Мұнда санитарлық талап күшейгенімен, сол талаптарды бұзу жиілеген.
Мамандар жаппай вирус жұқтырудың басты себебі қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарау дейді. Елдер той-томалақ өткізіп, топтасып алып табиғат аясында ойран-асыр салғанда санитарлық талап жайына қалады екен. Ай басыннан бері мұнда коронавирустан 19 адам өліп кеткен. Оның үстіне коронавирустың «Дельта» шатамы әбден ұшынып тұр. Вирустың бұл түрі вакцинаның бірінші компонентін алғандарға да жаппай жұғып жатыр. Ағзасында созылмалы дерті барларға түшкіріп пысқыруға атүсті қарамау керек дейді дәрігерлер.
Айдар Сейітқазинов, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы:
- Екпе алғандар арасында осы кеселден өлгендер жоқ. Тек созылмалы аурулары бар науқастарға қауіпті. Вирус сол ауруларды қоздырып асқындырып жібереді. Сондықтан оларды ковидтен көз жұмды деп нақты айта алмаймыз.
Павлодарда әзірге санитарлық талап қатты емес. Демалыс күндері қоғамдық көлік серіктес қалалар мен саяжайларға жолаушы тасымалдап жүр. «Ашық» жобасымен сауда үйлері де істеп тұр. Ал Қарағандыда ол да жоқ. «Қою қызыл» аймақтағы өңірде жұмыс күндері QR-кодсыз сауда үйі түгілі, ашық базарларға да кіргізбейді. Демалыста қозғалыс мүлдем тоқтайды. Өткені мұнда күніне мыннан аса адамнан қауіпті кесел анықталып жатыр. Кеше ғана 20 науқас көз жұмған. Дегенмен талаптың қатаңдығына қарамастан, оны бұзатындар да азаймай тұр. Теміртауда тіпті вирус жұқтырған әйел салонда қаннен-қаперсіз елдің қас қабағын әрлеп, тырнақтарын бояған. 700 мың теңге айыппұл арқалағанымен, кеселді қанша клиентке жұқтырғанын санау қорқынышты.
- Сізде инфекция бар, «Ашық» қызыл түсті көрсетіп тұр.
- Мүмкін емес.
- Жалпы ауру белгілері болды ма?
- Қайдан білейін, бір-екі күн ыстығым көтерілген.
Таразда дәрігерлердің жұмысы қыза бастады. Тәулігіне 173 адамның ауру жұқтыруы өңірге үлкен көрсеткіш болып тұр. Сондықтан Таразда компьютерлік томография мен айнаға түсуге ұзын-сонар кезек пайда болған. Тұрғындар түн ортасынан бастап кезекке орын алып жатыр.
Жалпы короновирус жұқтырудың өсімі барлық өңірде байқалады. Сондықтан бірінші үштіктегі Алматы, Нұр Сұлтан қалалары мен Қарағанды облыстарындағы тәртіп жаппай орнауы мүмкін. Қазір стационарларда 107 мыңанн аса науқас емделіп жатыр. 6531 науқасты медицина құтқара алмады. Короновирус нышаны бар пневмониядан 3840 адам бақилық болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!