{metadescription}
Мәйітханадан репортаж: «Коронавирустан қайтыс болғандарды соямыз»
Мәйітханадан репортаж: «Коронавирустан қайтыс болғандарды соямыз»

Мәйітханадан репортаж: «Коронавирустан қайтыс болғандарды соямыз»

Коронавирустан қайтыс болғандар елде үш-төрт есеге көбейді. Тек соңғы бір тәуліктің өзінде 155 науқас аурухана төсегінде жатып көз жұмған. Дәрігерлерді, әсіресе науқастардың тым "жасарып" бара жатқаны алаңдатып отыр.

Өйткені марқұмдардың арасында қазір қырыққа да толмаған жастар көп. Індетке қарсы тұрудың жалғыз амалы – вакцина. Мұны дәрігерлер күнде айтудан жалыққан емес. Алматыдағы мәйітхананың ішіне кірген тілшіміз КВИ-нан көз жұмғандарды жерлеу рәсімінің қалай жасалып жатқанын көрді. 

- Біз қазір патолого-анатомиялық бюрода тұрмыз. Медициналық емес, қарапайым тілмен айтқанда – мәйітхана. Коронавирустан көз жұмғандар осында келіп түседі. Бұл ғимаратқа бұрын-соңды журналистердің аяғы баспаған. Тек біздің екпеміз болғандықтан, дәрігерлер осында кіруге рұқсат етіп отыр. Олардың мұндай қадамға баруына тек бір-ақ себеп. Ол халықты жаппай вакцинациялауға шақыру. Айтуларынша, індеттен көз жұмғандар осы айда ғана 3-4 есеге көбейген. Қазір менен екі қабырға арғы жақта індеттен көз жұмғандар жатыр және ең жасы небәрі 35-те екен.

Дәлізде өлі тыныштық. Өйткені дәрігерлердің барлығы мәйіттермен жұмыс істеп жатыр. Азамат Бейсеновтің мәйітханадан шыққан беті осы. Патологоанатом зертханаға беттеп барады. Онда ол коронавирустың марқұмның ағзасына қалай жұғып, қалай тарағанын анықтайды. Атап айтқанда, жасыл құтыларды тексереді. Онда індеттен өлген адамдардың жүрек, өкпе, бауыр-бүйегінің бөлшектері жатыр. Олар енді қауіпсіз. Өйткені залалсыздандырылған.   

Азамат Бейсенов, патологоанатом:

- Коронавирустан қайтыс болып жатқан адамдар «жасарып» бара жатыр. Соның өзін көргеннің өзі денеңді түршіктіретін жағдай Ашып қарағанда, бірінші өкпесіндегі өзгерісті көреміз. Ауаға толы болып тұратын өкпе қатайып қалады. Жаны қиналып кеткен адамдар келеді бізге. Өзіміз бір минут демалмай отыра алмаймыз ғой, олар аурумен дем жетпей жатады қиналып, бәрі де жантүршіктіретін жағдай.

Соңғы айдағы жағдай Асхат Қостаевты да шошындырған. Көр қазатын жігіт зираттың жастарға толғанын айтады. «Күндіз ғана емес, түнде де қолдан күрек түспейтін болды», - дейді  

 Асхат Қостаев, көр қазушы:

- Үлгермей қалатын кездер де болады. Қазір орта есеппен күніне 4-5 адам жерлеп жатырмыз, ковидпен ауырған. Алып келеді осында, жерленетін жердің астына хлормен хлорланады, сосын түсіріліп көміледі. 47:11 Вакцинаны біз енді өзіміз үшін сақтық шаралары ретінде қабылдадық. Өйткені, көбінесе аурудан қайтыс болған кісілер келеді, сол кісілерден бізге жұғып кетпес үшін өзіміз үшін ғой барлығы.

Ал коронавирустан көз жұмғандар көбеймесе, азаяр емес. Бүгін тағы 155 науқас бақилық болды. Бұл кешегіден 30 адамға көп. Туған-туыстың көз жасына күнде куә мәйітхана басшысы халықты жаппай екпе салдыруға шақырды.   

Ержан Құттығожин, Алматы қаласы патологоанатомиялық бюро директорының міндетін атқарушы:

Адамдар вакцина салдырмай жатыр. Мен онымен келіспеймін. Себебі, екпенің қорғаныш әсері дәлелденген. Мысалы, біздің мекемеде 120 қызметкер жұмыс істейді. 100 пайыз екпе салдырды. Біз коронавирустан қайтыс болған мәйіттерді соямыз. Бізде жұқтыру қаупі өте жоғары. Бірақ соған қарамастан, бірде-бір қызметкер ауырған жоқ. Сондықтан халықты кейінге қалдырмай, екпе салдыруға шақырамын.

Ал өлім-жітімнің көбеюіне қарапайым сақтық шараларының сақталмауы себеп. Көпшілік тыйымға қарамастан той-садақаға барады. Аурудың дәл сол көпшілік жерде жұғып жатқанын белгілі вирусолог Жанай Ақанов та айтып отыр.   

Көбіне санитарлық талаптардың сақталмауы себеп. Ешкімнің бетперде кигісі жоқ. Той-томалақ та өтіп жатыр. Оған қоса вакцинаға қарсы шығушылар көбейді. Әсіресе оңтүстік аймақта өршіп тұр. Олар дәрігерлердің жұмысын одан сайын қиындатып жатыр. Өйткені жаңа науқастар күн санап келіп түсуде. Бұлай жалғаса берсе, төсек орын да, дәрі де жетіспейтін болады.

Есігінен мәйіт үзілмеген мекеме басшысы күшейе түскен індет жас-кәріні ажыратып жатқан жоқ дейді. Бәрінің өлім себебі бір – оттегі жетіспей тынысы тарылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.