{metadescription}
Шенеуніктен қайыр жоқ: Ақтаулық жастар шаруаларға көмекке келді
Шенеуніктен қайыр жоқ: Ақтаулық жастар шаруаларға көмекке келді

Шенеуніктен қайыр жоқ: Ақтаулық жастар шаруаларға көмекке келді

Шенеуніктерден қайыр болмаған соң еріктілер көмек қолын созды. Ақтаулық жастар қуаңшылықтан малы қырылып жатқан шаруаларды жем-шөппен қамтуда. Өңірдегі еріктілер тобы қазір Жармыш ауылының жұртына  көмектесіп жүр. Олар ақша жинап, мал  азығын сатып алып беруде.

Еріктілер ауыл шаруашылығы басқармасына хабарласып, шаруалардың аты-жөнін алып, тізім бойынша көмек көрсетуді қолға алған. Белсенділер екі сағатта қаржы жинап, Жармыш ауылындағы бір шаруаның үйіне 300 түк шөп пен 35 қапшық жем сатып алып берген. Кейбіріне тіпті су таситын көлікпен су апарып беріп жатыр. Қайырымды іс мұнымен тоқтамайды. Еріктілер алдағы уақытта тағы басқа да ауылдың шаруаларына жем-шөп апарамыз деп жоспарлап отыр.

Руслан Өмірзақов, ерікті:

- Жармыш ауылына жағдайды білуге барғанда көз алдымда екі қозы өліп қалды. Жем-шөп жемеген жылқылардың қабырғалары көрініп әрең жүр. Қолымыздан келгенше көмек көрсетеміз. Жуырда Ақшымырау ауылына барып, ондағы шаруаларға да қажетін апарамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде