Таразда сотталушы күзетшілерден сытылып тайып тұрған
Тараздық полицейлерді сан соқтырған сотталушы ақыры қолға түсті. Түрмеге жеткізілуі тиіс 26 жастағы азамат күзетшілердің қолынан сытылып тайып тұрған. Ол үшінші күні әзер қолға түсті. Енді өз әрекетіне кешірім сұрап жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
09.08.2021
- Құрметті Тараз қаласының тұрғындары және полиция қызметкерлері! Сіздерден жасаған әрекетім үшін кешірім сұраймын. Кінәмді толық мойындаймын.
Оның полицейлерді сан соқтырған видеосы әлеуметтік желіге тарады. 26 жастағы азамат әйел адаммен қоштасқан сыңай танытып, артынша биік дуалдан қарғып жоқ болып кетеді. Сол сәтте көлікте отырған тәртіп сақшылары қабырғадан өте алмай қалып қояды. Болжам бойынша оқиға тергеу изоляторының маңында болған. Осы мекемеге жазасын өтеуші жеткізілуі тиіс екен. Бірақ әккі сотталушы өзін күзеткендерді айға қаратып кетті. Белгілі болғаны, қашқын 2012 жылы қарау-жарақ сақтап, есірткі сатқаны үшін 10 жылға түрмеге жабылған. Кейін мерзімінен бұрын бостандыққа шығыпты. Бірақ белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін сот 2 жыл 10 айға үкім кескен. Бірақ ол түзеу мекемесіне жетпей бой тасаламақ болғаны үшін енді жазасы ауырлауы мүмкін.
Мақсат Юсупов, Жамбыл облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Сотты болған Зазуля Тараз қаласының Қарасу шағын ауданында ұсталды. Осы факті бойынша ҚК 426-бабымен, күзеттен қашқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл қылмысты жасағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынна айыру қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!