{metadescription}
Алакөлде гидроцикл мінген қыз демалушы азаматты жаншып өлтірді
Алакөлде гидроцикл мінген қыз демалушы азаматты жаншып өлтірді

Алакөлде гидроцикл мінген қыз демалушы азаматты жаншып өлтірді

Алакөлде қайғылы жағдай болды. Гидроцикл тізгіндеген әйел көлде демалушыларды жаншып өтті. 40 жастағы азамат қайтыс болса, оның 11 жастағы қызы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Ажал құшқан азамат Алакөлге Семейден барған екен. Қызы екеуі үрлемелі су матрасымен көлдің бетінде жатқан.  Сол мезетте гидроциклмен жүйткіген 27 жастағы қыз тізгінге ие бола алмай оларды жаншып өткен. Ер адам сол жерде тілге келмей көз жұмды. Түркістандық азаматша қамауға алынбағанымен, қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Жалға берген су көлігінің иесі де сот алдында жауап береді.

Бауыржан Омаров, Үржар ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары:

- Гидроциклдің иесіне ҚР ҚК  306-бабы 3 - бөлігі бойынша, абайсызда адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде