{metadescription}
Жалған вакцина құжаты мен ПТР-тестін жасайтын – кімдер?
Жалған вакцина құжаты мен ПТР-тестін жасайтын – кімдер?

Жалған вакцина құжаты мен ПТР-тестін жасайтын – кімдер?

Жалған вакцина құжаты мен ПТР-тест анықтамасын жасайтындардың да бизнесі тыйылмай тұр. Әсіресе медицина қызметкерлері заңды белшесінен басқан. Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері бұл мәселеге қатысты 110 қылмыстық іс қозғапты.

Бұл 110-ның ішінде 60 іс  коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест анықтамасына қатысты. 50-і  вакцина паспортын жасау бойынша. «Екпенің екі компоненті алынды» деген құжат жасаумен жекелеген туристік операторлар айналысқан. Құқыққорғаушылар оларды вокзал, әуежай арқылы мемлекет шекарасын кесіп өтер кезде қолға түсіріпті. Ал жалған ПТР-тесті анықтамасын жасағандардың көбі дәрігерлер. 20 медицина қызметкері және  арадағы 8 делдал бүгінде жауапқа тартылды. Әлеуметтік желіде де заңсыз құжат сатумен айналысқандардың жолы кесілген. Жарнама ретінде берілген 70 хабарландырудың 37-сін ішкі істер министрлігі бұғаттап үлгерген.

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

- Сот хабарландыруларға қатысты 4 іс бойынша кінәлі азаматтарға жаза тағайындады. Тағы 43 іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оларды арнайы маман зерттеуі тиіс. Тергеу аяқталған соң әр іске құқықтық баға беріледі. Барлығы да жіті бақылауымызда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде