COVID-19: Екі мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр
«Қою қызыл» аймақтағы бизнес нысандарының жұмыс істеу уақыты ұзартылды. Бүгінен бастап жұмыс күндері Ashyq қосымшасы бар ұйымдар 22:00-ге дейін, ал Ashyq көшбасшысы мәртебесіне қосылғандар түнгі 12-ге дейін қызметін жалғастыруларына рұқсат.
Автор: Салтанат Шырынхан
09.08.2021
Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді.
Бұған дейін аталған жүйемен сауда орындары және бизнес-нысандар сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеп келді. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалалары кірді. Осылайша елімізде эпидахуал тұрақталмаса да, Ashyq жүйесі арқылы әрекет ететіндерге ақ халаттылар қатаң карантин талаптарын күшейте алмайтын түрі бар.
Күн сайынғы статистика да көңіл көншітпей тұр. Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар қатары тағы 7671 адаммен толықты. Ал індеттен 24 сағатта 112 науқас көз жұмды. Қазір «сары» деңгейде тұрған Түркістан облысынан басқа барлық қала мен өңірлер «қызыл» аймақта. Ауруханада жатқан 2 мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр. Кесел қос қалада өршіп тұр. Алматыда күн сайын мың жарымнан аса тұрғыннан ауру анықталса, Нұр-Сұлтанда бір күнде 1452 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!