Биыл көмір бірден 24 пайызға қымбаттауы мүмкін
Биыл жылыту маусымында көмір де қымбаттайды. Баға бірден 24 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. «Баға шарықтауының бірнеше себебі бар», - дейді индустрия министрлігіндегілер.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
10.08.2021
Биыл бағаны бұрынғысынша ұстап тұру үшін көмір сатудың жаңа қағидасы бекітілген. Өңірлік операторлар әр облыстың көмір қажеттілігінің оннан бір бөлігін тауар биржасы арқылы, делдалсыз жіберетін болады. Ал қалған 90 пайызы үшінші тараптың қатысуымен жүзеге асырылады. Монополияға қарсы агенттік осы сәтте ғана бағаны бақылауға міндетті. Бірақ бұл шара қымбатшылықтан құтқармайтын секілді. Бағаның өсуіне электр энергиясы, жанармай тарифінің көтерілуі де әсер етеді.
Қымбатшылықтың тағы бір себебін шенеуніктер жұмыс күшімен байланыстырып отыр: қатты отынды өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалақысы орта есеппен 18 пайызға көтерілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!