{metadescription}
0:000:00
Алматыға қытайлық Vero Сell вакцинасы жеткізілді

Алматыға қытайлық Vero Сell вакцинасы жеткізілді

Қытайлық вакцинаның алғашқы партиясы Алматыға жеткізілді. Vero Сell деп аталатын екпе де Sinopharm компаниясының өнімі. Қазақстан оның 4 миллион дозасын сатып алған. Қытайлық екпе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында ресми тіркелген.

Қазақстан Қытайдың Sinopharm компанисымен серіктестікті жалғастыруда. Бұл жолы еліміз кәсіпорынның Vero Сell деп аталатын екпесін 4 миллион дозамен сатып алды. Оның 518 мың дозасы Бейжіңнен Алматы әуежайына бүгін түсте жеткізілді. Тағы бір бөлігі ертең әкелінеді. Медициналық жүк арнайы термо-контейнерлердің көмегімен тасымалдануда.

Шолпан Әділбекова, «СҚ-Фармация» ЖШС Алматы қаласы бойынша менеджері:

- Бұл вакцина өте қауіпсіз және тиімді. Өйткені ДДСҰ бойынша бұл 45 елде сапасы бойынша бекітілген вакцина. Екі дозадан тұрады. Бізге логистика бойынша да тиімді. Өйткені сақталуы +2, +8 градуста. Қазір тиеп болдық. Енді Алматыдағы қоймаларға жеткіземіз де, сол жерден стикерлеп, Қазақстанның бар өңіріне тезірек таратуға тырысамыз. 

Бірінші партиямен жеткізілетін 1 миллион дозаның шамамен 30 пайызы Алматыдағы вакцинация пункттеріне жіберіледі дейді мамандар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Vero Сell-ді мамыр айында мақұлдаған. Вакцина белсенді емес. Ол да екі дозалы. Әрі 18 жастан асқан азаматтарға арналған. Арнайы зерттеу оның коронавируспен күресте 79 пайызға тиімді екенін көрсетіпті. Осылайша бұл елімізде КВИ-на қарсы вакциналау үшін тіркелген бесінші екпе болды. 

Қазанда Қазақстанға Американың Pfizer вакцинасы жеткізілсе, тұрғындарға 6 түрлі таңдау болмақ. Денсаулық сақтау министрі айтқандай, америкалық екпе балалар мен жүкті әйелдерге ғана арналған. Онда да ата-ананың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде