Жаппай төбелесте бір-бірін атуға дейін барған – Теміртау
Теміртауда бір-бірін атуға дейін барған жаппай төбелеске қатысқандар іздестіріліп жатыр. Әзірге оның төртеуі ғана ұсталған. Төбелестен зардап шеккен бір адам ауруханаға түсті.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
10.08.2021
Кадрлерден бір топ адамның көлікке шабуылдағанын көруге болады. Арасында оқ та атылып жатыр. Кешқұрым адам қарасы саябырсымаған аулада жүргіншілер де көп. Бірақ ұрысқа қатысқандар жазатайым біреуді жазым қыламыз деп жүрген жоқ. Бағанды соққан көлікті жан-жағынан ұрып талқанын шығарып, сырттағы бір адамды үшеуі жабылып жүріп сабады. Тыйым салынған жерде шылым шексең жетіп келетін полицейлер де көрінбеді. Дегенмен тәртіп сақшылары төбелеске қатысқан 4 адамды бүгін ұстағанын айтты. Ерегесті бастағаны да солардың ішінде екен.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:
- Үйлердің ауласында жәбірленушімен сөзге келіспей, травматика қарумен атқанын мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа да оқиғаға қатысушыларды ұстау мақсатында кешенді іс-шара жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!