{metadescription}
0:000:00
Екінші мәрте вакцина алу қазан айына жоспарланды

Екінші мәрте вакцина алу қазан айына жоспарланды

Халық вирусқа қарсы вакцинаны толық алмай жатып, ревакцинация жайы сөз болып жатыр. Денсаулық сақтау министрі екінші мәрте вакцина алу мерзімі қазан айына жоспарланғанын мәлімдеді. Бірақ бұл мәселе әлі пысықталуда. Екінші рет вакцина алу қаншалықты қажет?

Жамбыл облысы мәслихатының депутаты Мұқаш Ескендір ақпан айында алғашқылардың бірі болып вакцина салдырған. Содан бері алты ай өтті. Денсаулығына күтіммен қарайтын халық қалаулысы тексеріліп, бойындағы антидененің жойылғанын білген. Сөйтіп ол екінші мәрте екпе алуға бел буып отыр. Алайда дәрігерелер «ақылы болса да, вакцина салмаймыз» деп кері қайырыпты.  

Мұқаш Ескендір, Жамбыл облысы мәслихатының депутаты:

- Менің ойымша қазір тек вакциналау емес, Қазақстанда ревакцинация үлкен мәселе болып тұр. Сондықтан осы мәслеле бойынша денсаулық сақтау министрлігінің басшылары тездетіп шешім қабылдаса, мен секілді уақыты өтіп кеткендердің ревакцинациясын жасауды шешу керек деп ойлаймын. 

Ағзасындағы антиденесі азайған депутат кесел жұқтырамын ба деп қорқып жүр. Ал бүгін денсаулық сақтау министірі аталмыш мәселеге түсініктімеме берді. Алексей Цойдың сөзінше, екпе қабылдағаннан кейін тоғыз айдан соң ағзадағы антидене жойлады. Тек сонда ғана вакцинаны қайтара қабылдау керек. Ал Қазақстанда препарат егу науқаны ақпанда басталғанымен, тұрғындардың басым бөлігі маусым мен шілде айларында індетке қарсы дәрі салғызған. Демек әлі даурығуға ерте көрінеді.     

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Біз үшін ревакцинация қазан айына қарай өзекті болады. Яғни ақпан айының басында бірінші екпені алған біздің азаматтарға аталған мерзім жеткілікті. Бұл қадамдар анықталып жатыр, оларды нормативтік тұрғыда бекітеміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен тағы да консультация жүргіземіз.

Министрдің сөзінен аңғарғанымыз бұл әлі ашық күйде тұрған мәселе. Ал жамбылдық депутты вирусолог-мамандар қолдап отыр. Олар да ревакцинация міндетті түрде жүргізулі тиіс деп есептейді.  

Дмитрий Еделев, вирусолог:

- Қазір әлемде корнавиурстың 11 штамы бар. Ухань штамына қарсы шығарылған вакцина әлемде көп тарап кеткен. «Дельта», басқа да штамдарға қарсы тұра алмай жатыр. Сондықтан ғалымдардың көбі ревакцинацияны қолдайды.

Ел тұрғындарының көбі әлі екпенің бірінші кезеңінен өткен жоқ. Кейбірі оны қабылдауға да құлықсыз. Соған қарағанда ревакцинация басталса, тағы да дау болатын түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде