Таразда бір қылжақбас 350 адамның үрейін ұшырды
«Бомба бар» деп қорқыту қылжақбастардың ермегіне айналды. Таразда белгісіз біреу ең ірі сауда орындарының бірінде «жарылғыш зат бар» деп қоңырау соғып, 350 адамды сыртқа шығуға мәжбүр етті.
Автор: Руслан Әбдіхалық
10.08.2021
Қорқынышты хабардан жедел әрекет ету қызметтері оқиға орнына шұғыл жетіп, адамдардың бәрін қауіпсіз жерге шығарды. Сөйтіп алып ғимараттың қуыс-қуысын тінтті. Алайда жарылғыш зат табылмады. Ал үрейленген саудагерлер мен алыпсатарлар сағаттап күннің астында тұруға мәжбүр болды. Кейін бәрі тексеріліп ақпараттың жалған екені анықталған соң, сауда орны қайта жұмысын жалғастырды. Қазір жұртты шошытқан қылжақбас іздестіріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!