Вакцина салдырып екі бөлмелі пәтер ұтып алды
Маңғыстау облысының тұрғыны екпе алып екі бөлмелі пәтер ұтып алды. 65 шаршы метр екі бөлемелі пәтер Ақтаудың жаңа шағын ауданында орналасқан. Оның осыған дейін үйі болмаған.
Автор: Айман Нұрмағанбет
10.08.2021
Қайрат Қосаев, Маңғыстау облысының тұрғыны:
- Өз еркіммен клиникаға екпе салғызуға келдім. Екпені салғызып жатқанда ойын ойнатылып жатқанын көріп бағымды сынайын деп өзім туралы мәліметтерді жібергем. Бұрын-соңды ештеңе ұтып көрген емеспін. Ұттым. Шынайы екеніне көзім жетіп отыр. Қуанышымда шек жоқ.
27 жастағы мерчендайзер дүкенде көпшілікпен жұмыс істейтін болған соң, екпе алуды жөн көрдім дейді. Ақтауға 10 жыл бұрын Түркіменстаннан келген. Нағашыларының үйінде тұратын ол көптен бері қаладан үй сатып алып, ата-анасын елге көшіріп әкелуді ойлап жүрген екен. Сөйтіп, күтпеген жерден айы оңынан туып, акцияға қатысып пәтер ұтып алған. Маңғыстаулық кәсіпкерлердің бастамасымен ұйымдастырылған «Екпе салдыр да, пәтер ұтып ал» науқанына 10 мыңға жуық адам қатысқан. Пәтерден бөлек, отыздай қатысушыға сыйлыққа ұялы телефон, қысқатолқынды пеш, теледидар сынды сыйлықтар берілген.
Нұрлан Қуанышбай, ұйымдастырушы:
- Бұл жерде басты шарт екпе алу ғана. Ал оның қандай екпе екені әркімнің өз таңдауында. Бір жарым ай көлемінде 30-ға жуық бағалы сыйлық тараттық. Ең бастысы, Ақтау қаласындағы екі бөлмелі пәтердің жеңімпазын анықтадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!