{metadescription}
Егер жүйкесі тозған адам короновирусқа шалдықса, онда ...
Егер жүйкесі тозған адам короновирусқа шалдықса, онда ...

Егер жүйкесі тозған адам короновирусқа шалдықса, онда ...

Жүйкесі жұқарған адамдар короновирусқа шалдықса, аурудан айығуы қиын болады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығының мамандары мәлімдеді.

Өйткені COVID-19-ға шалдыққан кез келген адамда онсыз да үрей, қорқыныш пен психикалық ауытқу байқалады дейді.

Осылайша ақ халаттылар індетті жұқтырғандардың жүйке жүйесі бұзылып, есте сақтау қабілеті төмендеп, ұйқысыздық пайда болатынын айтады. Әсіресе аталған белгілер қазір қыз-келіншектерде көп кездеседі екен. Өйткені эмоцияға ерік беретін нәзік жандылар әлеуметтік желіден аурудан айығудың жолын емес, қауіптілігі мен салдары туралы көп оқиды.

Науқастардың көңіл күйі бұзылып, қатты құлазығандар кеселдің ауыр түрін жұқтырғандарда басымырақ. Дегенмен дәрігерлер бұл құбылыстың барлығы уақытша деп отыр. Қандай да бір психатропты  дәрі-дәрмек қабылдағаннан гөрі, вакцина салдыруға кеңес береді.

Сапар Рахменшеев, Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығының директоры:

- Адамдар арасында вакцина салдырғаннан кейін де асқыну болып жатыр деген де сұрақ көп қойылады. Адамдар, біріншіден, вакцина салдырар алдында сол вакцинаның зияны туралы көп оқып, өзі сол вакцина салдыру кезіндегі ойға тіреліп қалады. Вакцина салдырғаннан соң «қашан дене қызуым көтеріледі екен, мына жерім қашан қызарады екен» деп күтіп жатады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде