«Йота» штамын жұқтырған науқаста өлім қаупі жоғары
Коронавирустың аса қауіпті жаңа штамы тез таралуда. «Йота» деп аталатын індеттің мутация түрімен қазір 27 ел арпалысып жатыр. Оны жұқтырған науқастарда өлім қаупі жоғары. Әсіресе 45 жастан асқан адамдардың аса сақ болғаны абзал. «Йотаның» таралуына байланысты шет мемлекеттер вакциналау қарқынын күшейтуге кіріскен.
Автор: Салтанат Шырынхан
11.08.2021
Германия билігі бүгіннен бастап елде коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тесттің ақылы болатынын мәлімдеді. Бұл жұрттың вакцина алуы үшін қолға алынған шара. Өйткені мұнда соңғы аптада екпе салдырушылар саны күрт төмендеп кеткен.
Ангела Меркель, Германия канцлері:
- Вакцинаның "Дельта" штамынан қорғай алатыны қуантарлық жағдай. Әсері әсіресе дерттің ауыр түрімен ауырғандарда анықталды. Дегенмен соңғы уақытта кеселге қарсы екпе салдыратындар санының азайғанына қынжылып отырмыз.
Литвада вакцинаға әлі де күмәнмен қарайтындар көп. Енді билік басындағылар қарсылық көрсеткендерге шара қолданбақ. Мәселен, қыркүйек айының ортасынан бастап екпе алмағандар дертті жұқтырса, емханада тегін емделу құқығынан айырылуы мүмкін.
- Әркімнің өз таңдауы, өз құқығы бар. Ешкім күштеп немесе міндеттеп салдырмауы тиіс. Өйткені өз денсаулығымызға өзіміз жауаптымыз.
Сан Марино билігі өзгеше айлаға көшкен. Олар арнайы вакциналық турлар ұйымдастыруда. Яғни кез келген турист 50 еуро төлеп қонақүйді бірнеше күнге жалға алса, ресейлік Sputnik V екпесін салдыра алады. Қазірдің өзінде мыңға жуық саяхатшы бұл мүмкіндікті пайдаланған. Жергілікті тұрғындар да індетке қарсы препаратты салдыруда белсенді.
- Сан-Маринода 20 мыңнан астам адам «Спутник В» вакцинасын салдырды. Әзірге дейін ешкім ауырған жоқ. Барлығы бетпердесіз жүр. Жұртшылық бір-бірімен емін-еркін арласып жүр.
Мұнда мамандар 5 мыңға жуық екпе салдырған адам арасында зерттеу жүргізген. Барлығында дертпен күресе алатын антиденелер пайда болыпты. Сан Маринода COVID 19- бен түскендерді емдейтін емханалар жабылады. Өйткені қауіпті індетпен тек 75 адам ғана күресіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!