{metadescription}
Қордайда 10 жасар бала биік әткеншектен оңбай құлады
Қордайда 10 жасар бала биік әткеншектен оңбай құлады

Қордайда 10 жасар бала биік әткеншектен оңбай құлады

Жамбыл облысының Қордай ауданында 10 жастағы бала әткеншектен құлап жазым бола жаздады. Жеткіншек бес метірлік биіктен жерге оңбай құлаған.  

Әлеуметтік желіде тараған видеода жеткіншектің жерге қатты құлағаны аңғарылады. Дегенмен 4-ші сынып оқушысы зардап шеккен жоқ. Тіпті дәрігерлер көмегіне де жүгінбеген. Ал шенділердің сөзінше, 10 жастағы бала абайсызда қауіпсіздік белдігін шешіп алған. Сол себепті осындай жағдай болыпты. Жеткіншек саябақта ата-анасымен бірге жүрген. Оқыс оқиға болған ойын алаңында техинкалық талап қаншалықты сақталғаны тексеріліп жатыр.

Нұрболат Сатымқұлов,  Қордай ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы: 

- Ата-анасы жергілікті полиция бөліміне және орталық ауруханаға арыз шағым түсіріп қайырылмады. Бүгінде аттракцион иесінің шешіміне сәйкес әткеншектің жұмысы тоқтатылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.