45 елде бекітілген «Веросел» вакцинасының II партиясы жеткізілді
Алматыға қытайлық «Веросел» вакцинасының екінші партиясы жеткізілді. Еліміз «Синофарм» компаниясы өндірген кезекті екпенің 4 миллион дозасын сатып алғаны белгілі. Соның екінші бөлігі, яғни 481 мың данасы бүгін әкелінді.
Автор: Салтанат Шырынхан
11.08.2021
Жаңа вакцинаның 518 мың дозасы кеше түсте жеткізілген. Осылайша еліміздегі дертке қарсы бұл екпе бесінші болып тіркеліп отыр. Арнайы зерттеу оның коронавируспен күресте 79 пайызға қорғай алатынын көрсеткен. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бойынша 45 елде бекітіліпті. Мамандар бұл вакцинаның да өте қауіпсіз және тиімді екенін айтуда. Әдеттегідей екі компоненттен тұрады. Тек 18 жастан асқан азаматтарға салуға рұқсат. Енді Алматыға жеткізілген «Веросел» вакцинасы еліміздің басқа өңірлеріне таратылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!