{metadescription}
Вакцина: Бес қалада жалған паспорт сатқандар анықталды
Вакцина: Бес қалада жалған паспорт сатқандар анықталды

Вакцина: Бес қалада жалған паспорт сатқандар анықталды

Адам өмірінен ақшаны жоғары қоятындардың кезекті қылмысы әшкере болды. Бұл жолы еліміздің бес бірдей қаласында медицина қызметкерлерінің «вакцина салынды» деген жалған паспорт сатқаны анықталып отыр.

Жалған құжат Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қаласында саудаланған. Дәрігерлер 5-30 мың теңге аралығында сыйақы алып, 37 адамға паспорт жасап үлгеріпті. Бұл белгілі болғаны ғана. Ал  алаяқтыққа 12 адамның қатысы болса, оның сегізі – медицина қызметкері. Аталмыш іске қатысы бар өзге де тұлғалар іздестіріліп жатыр. Қитұрқы жолмен паспорт істеткен азаматтарға 467 мың теңге айыппұл немесе 40 тәулікке қамау жазасы қарастырылған. Ал өтірік құжатты рәсімдегендердің үкімі қаталырақ – 6 миллионға жуық теңге айыппұл арқалайды, болмаса екі жылға дейін түрмеге жыбылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.