{metadescription}
0:000:00
2021-2022 оқу жылына қатысты жаңалықтар

2021-2022 оқу жылына қатысты жаңалықтар

Оқушылар жаңа оқу жылында партасына қайта отырады. Тек дәстүрлі форматқа оралатындардың барлығы бірдей 1-қыркүйекте өтетін салтанатты шараға ғана қатыса алмайды. Алғашқы қоңырау алғаш мектеп табалдырығын аттайтындарға ғана соғылады.  

Жылдың басты жаңалығы - "Әліппе" қайта оралды. Ал білім беру мекемелеріне Ashyq-пен ғана кіруге рұқсат. Тексеру жүйесі балабақша, мектеп, колледждер мен университеттерде де қойылады. Бұл оқу жылының басты шарты – барлық педагог 100 пайыз вакцина салдыруы қажет.

Жаңа оқу жылына қатысты тағы қандай жаңалық бар?

Жаңа оқу жылының басталуына 20 күн қалды. «Онлайн ба, оффлайн ба?» деп басын қатырып жүрген ата-аналар бүгін тынышталатын болды. Үкімет басындағылар оқушылардың мектепке барып білім алғаны дұрыс деп шешіпті. Қашықтан оқуға әбден еті үйренген балалар биыл «1 сынып -  кабинет»  жүйесімен оқиды. Онда оқушылар кабинеттен кабинетке көшіп жүрмейді, тек мұғалімдері ауысып отырады. Мектеп ішіндегілер медициналық бетперде тағуы керек. Педагогтер вакцина алуға міндетті. Қазір мұғалімдер қауымының 10 пайызға жуығы коронавирусқа қарсы екпе алмаған. Көрсеткіш 25-тамызға дейін 100 пайыз болуы шарт.

Асқар Мәмин, ҚР Премьер-министрі:

- Білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктеріне, өңірдегі әкімдіктерге ескертпе. Биыл 25 тамызға дейін медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа, педагогтер мен техперсоналдарды вакциналаумен 100 пайыз қамтамасыз етсін. Вакцина алған мұғалімдер жұмысқа кіріседі.

Онлайн оқу кезінде оқушылар партаға отырып сабақ оқыды, ал студенттер тіпті оқу орындарына бір жыл бойы барған жоқ. Енді үш аптадан соң, колледж бен университет те дәстүрлі форматта сабағын бастайды. Тек вакцина салдырғандар Ashyq арқылы білім беру ұйымдарына кіргізіледі.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

18 жастан асқан студенттерді вакциналау басталды. Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында оқу орындарына, кітапханаларға және жатақханаларға кірген кезде міндетті түрде Ashyq қосымшасын пайдаланылуы керек. Эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау және жатақханаларда тұру жағдайын бақылауды күшейту, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Биыл оқу жылында онлайн атымен жойылмайды. Оқушы немесе оның ата-анасы егер қауіпті індетке шалдығып ауырып қалса, бүкіл сынып карантинге жабылады. Шенеуніктер қазақстандықтардың барлығы вакцинаны жаппай алса, қашықтан оқу болмайды деген сенімде. Әйтпесе былтыр онлайн оқудан нашарлаған оқу үлгерімі қалыпқа келмеген. 45 минут қайтарылады. Жазғы мектептер де ұйымдастырылады.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Тағы бір маңызды бағыт – оқу процесін бейімдеу. Біз жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастағанмен, қашықтан оқыту кезіндегі білім сапасы кемшіліктерінің орнын толтыру бойынша кешенді жұмыс жүргізуіміз қажет. Оқу жылында негізгі пәндер бойынша былтырғы қиын тақырыптарға көбірек сағат бөлініп, оқу бағдарламаларын коррекциялауға, үлгерімі нашар балалармен қосымша жұмысқа басты назар аударылады.  

42 әріпті өткен жылдағыдай компьютердің ар жағында емес, бірінші сыныпқа баратындар партада отырып жаңа кітаппен жаттайды. Кезінде білім министрі болған Сағадиевтің «Сауат ашуы» алынып тасталып, Аймағамбетов басқаратын министрліктің «Әліппесі» бүкіл Қазақстан мектебіне жол тартады.

1-қырқүйек осындай жағымды жаңалығымен басталғалы тұр. Білім министрі сөзінде тұрып, Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізіндегі «Әліппені» әзірледі. Бес жыл бұрын жоғалған оқулықты енді мектеп табалдырығын аттағандар бірінші және екінші тоқсанда, содан кейін үш пен төртінші тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды.  Жаңа «Әліппе» алғашқы қоңырауда 380 мыңдай оқушыға табысталады. Жаңа оқу жылына арналған салтанатты шара да тек бірінші сыныптағыларға ғана өткізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде