Түркияда орман өртінен кейін су тасқыны басталды
Түркияда орман өртінен кейін су тасқыны басталды. Табиғи апаттан төрт адам қаза тауып, іс-түссіз жоғалғандардың саны сағат санап көбеюде. Қазір құтқарушылардың көмегімен зардап шеккен аудандардың тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
12.08.2021
Түркияның Қара теңіз жағалауында толассыз жауған нөсер салдарынан сел жүріп, көпірлер қираған және бірнеше ауыл жарықсыз қалды. Әсіресе Синоп, Бартын, Қарабуюк және Кастамону провинцияларында жағдай қиын.
Ресми мәліметке сүйенсек, 12 ауылда электр қуаты үзілген. Көпқабатты үйлер мен ғимараттардың бірінші қабаты су астында қалған. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар су басқан үйлерден үрлемелі қайықпен көшіріліп жатыр. Жергілікті билік өкілдері аймақтағы жағдайдың қиындығын ескере отырып, жапа шеккендер саны әлі де өсуі мүмкін дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!