ШҚО: Сасықкөлде 7 мың гектар қалың қамыс күлге айналды
Шығыс Қазақстанда Сасықкөл жағасындағы қамыс өрті әрең ауыздықталды. Құтқарушылар тілсіз жаумен алты күн бойы күрескен.
Автор: Ұлан Нұрахмет
12.08.2021
Ми батпақтың кесірінен техникалардың жанып жатқан жерге жақындауы мүмкін болмапты. Оның үстіне қатты желдің кесірінен өрт күш алып жағдай ушыға түскен. Құтқарушылар қайыққа сусорғыш мотор орнатып, тілсіз жаумен күресте барын салды. Жалынды өшіруге 40-тан астам өрт сөндіруші мен сегіз арнайы техника жұмылдырылған. Мамандар өрттің одан әрі таралып кетуін болдырмау үшін аумақты тікұшақпен барлады. Жеті мың гектар жердегі қалың қамыс күлге айналыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!