{metadescription}
0:000:00
Жарты жылда 5 триллион 300 миллиардқа сауда жасаппыз

Жарты жылда 5 триллион 300 миллиардқа сауда жасаппыз

Сауда көлемі қымбатшылық есебінен өсті! Жарты жыл ішінде қазақстандықтар 5 триллион 300 миллиард теңгеге сауда жасаған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 16 пайызға артық. Жұрт, әсіресе, киім-кешек пен тұрмыстық техникаға көп шығынданыпты.

Ал 2 триллион теңгеге азық-түлік сатып алған.  Мұны ranking.kz сарапшылары есептеп шығарыпты.

Алматы тұрғындары дүкен мен базарларда көп ақша қалдырған. Олар жарты жылда 1,7 триллион теңгеге сауда жасапты.

Елордалықтар азық-түлік, киім-кешек пен өзге де тауарларға 609 миллиард теңге жұмсаған.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары кәсіпкерлердің қалтасын 486 миллиард 500 миллион теңгеге қампайтып отыр.

Маңғыстаулықтар 6 айда 96 миллиард теңгеден аса қаражатты сауда-саттыққа жұмсаған.

Шымкентте де сауда көлемі 10 пайызға өсіп, жұрт 198,5 миллиард теңгесін дүкендер мен базарларда қалдырыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде