{metadescription}
Ресейлік автобустың ішінде антифриз атқылап, жолаушылар күйіп қалды
Ресейлік автобустың ішінде антифриз атқылап, жолаушылар күйіп қалды

Ресейлік автобустың ішінде антифриз атқылап, жолаушылар күйіп қалды

Алматыда антифризі жарылған автобусқа қатысты қызмет тексерісі басталды. Қоғамдық көліктің қозғалтқышы жол үстінде істен шығып, салонға атқылаған ыстық ерітіндіге екі жолаушы күйіп қалған болатын.

№ 201 автобустың қоғалтқышы жол үстінде қызып кетіп, қатты қысымға шыдамаған антифриз салонға атқылаған. Соның салдарынан екі жолаушы зардап шекті. Техникалық ақау себебін енді арнайы құрылған комиссия анықтайды. Қалада дәл осындай «Лиаз» маркалы 450 автобус бар. Бірақ оның 210-ы істен шығып, қазір техникалық жөндеу орталығында тұр. Күнделікті бағытқа шығатын қоғамдық көліктер жіті тексеріледі деген «Алматыэлектротранс» компаниясының өкілдері мұндай жағдай бірінші рет болғанын жеткізді. Бірақ олар үш жыл бұрын Ресейден әкелінген «Лиаз» маркалы автобустар жиі бұзылатынын жасырмайды.

Мақсат Сафиев, «Алматыэлектротранс» компаниясының бөлім басшысы:

Ресейде шығарылған автобустардың сапасы өте нашар. Қоғалтқышы жиі істен шығады. Осы жағдайдан кейін «Лиаз» маркалы автобустардың барлығын тексеріп шықтық. Осындай оқиғаның қайталанбауы үшін барымызды саламыз. Бұл маркалы қоғамдық көліктің қоғалтқыш қуаты төмен. Жүргізушілер күн ысығанда желдеткіш қоса алмай қиналады. Келесі тендерде біз отандық автобустарды сатып алуды жоспарлап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде