{metadescription}
0:000:00
Балалар мен жастар арасында КВИ жұқтырғандар өте көп

Балалар мен жастар арасында КВИ жұқтырғандар өте көп

Коронавирусты кішкентайлар жиі жұқтырып жатыр. Маңғыстауда соңғы екі аптаның ішінде 160-қа жуық баладан  індет анықталған. Ал Қарағанды облысында КВИ-нан көз жұмғандар күрт көбейді. Ауруханаларда өмір мен өлім арасында жатқан науқастар да көп.

Маңғыстау облысында соңғы он күнде 30-39 жас аралығындағы 500-ге жуық азамат коронавирус жұқтырған. Мұны ақ халаттылар жастардың адам көп жиналатын орындарға жиі баруынан деп отыр. Сырқаттанғандар арасында балалар да жетерлік. Осылай дабыл қаққан дәрігерлер жұртты сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырып отыр.

Ғазиз Надуев, Маңғыстау облысының бас санитар дәрігері:

- 1508 адамның ауырғандардың ішінде бүгінгі таңда, ең бізді өкіндіретіні, 14 жасқа дейінгі 157 бала ауружұқтырып отыр. 20-29 жас арасында 251 жағдай тіркелген. 30-39-дағылардың арасында 351 жағдай.Вакциналаумен ғана біз бұл ауруды азайтуға мүмкіндігіміз болады. Сондықтан медицина мекемелерінің бәрі бүгінгі таңда осы жұмыстарға жұмылдырылған.   

«Қою қызыл» аймақтағы Қарағанды облысында соңғы күндері індеттен көз жұмғандар көбейіп кеткен. Тәулігіне орта есеппен 20 адам ажал құшуда. Қазір өңірдегі коронавирус жұқтырған науқастарға арналған 5700 төсек-орынның жартысынан астамы толған. Облыс бойынша 193 адам жансақтау бөлімінде жатса, оның 45-і жасанды желдету аппаратына қосылыпты.

Бибігүл Төлегенова, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Соңғы уақытта ауыр халдегі науқастардың түсуі жиілеп кетті. Демалыс орындарынан Бурабай, Баянауыл, Балқаштан келеді немесе анемнезінде отбасылық меркелерге барғанын көрсетеді. Бұл ретте ұзақ уақыт бойы вирустың симптомдарына назар аудармайды. Тыныс алу жеткіліксіздігі ұлғайған кезде ғана медиицналық көмекке жүгінетіні байқалады.

Түркістан облысында ғана жағдай сәл тұрақталайын дегендей. Бүгін бұл өңір "сары" аймаққа қайта ойысты. Қалған барлық қала мен облыс індеттің таралуы бойынша «қызыл» деңгейде. Соңғы тәулікте елімізде коронавирус жұқтырғандар қатары тағы 7747 адамға артқан. Өкінішке қарай, бір күн ішінде індеттен 105 науқас көз жұмды. Ауру жұқтырғандар саны бойынша Алматы көш басында. Мұнда кесел күн сайын мың жарымнан аса тұрғыннан анықталса, Нұр-Сұлтанда тәулік ішінде 1400-ге жуық адамның тесті оң шыққан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде