Тұрар Рысқұлов ауданында екі жеткіншек суға кетіп өлді
Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында екі жеткіншек суға кетті. Олар ата-анасының қарауынсыз, рұқсат етілмеген жерде шомылып жүріп мерт болған. Оқыс жағдай Сәбденов көлінде болған. Бұл жер тек балық аулауға арналған, яғни шомылуға болмайды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
13.08.2021
- Ешқандай қоршау жоқ. Қауіпсіздік сақталмаған. Жылда осы жерде балаларымыз қайтыс болады. Не істейміз.
Жергілікті тұрғындар бұл жағдайдан әбден шошып қалған. Олар көлде кісі өлімі жиі болатынын айтады. Бірақ соған қарамастан жеткіншектер кешкі жеті шамасында суға түсіпті. Оқиғаның қалай болғаны ашық айтылмады. Белгілісі, суға тұншыққан 11 және 8 жастағы мектеп оқушыларын жағалауға күзетші алып шыққан. Екеуінің суға батқан уақыты екі бөлек. Аталмыш істің мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!