{metadescription}
Жол апаты кезінде терезеден ұшып кетті
Жол апаты кезінде терезеден ұшып кетті

Жол апаты кезінде терезеден ұшып кетті

Павлодарда жол апаты кезінде терезеден ұшып кеткен әйел аман қалды. Ауруханаға жеткізілгенімен халі ауыр.

Жол апаты, шаһардың қақ ортасындағы қилыста болған. 21 жастағы «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі «Тойотаға» жол бермеген. Соның кесірінен, неміс көлігінің тас-талқаны шығып жүз сексен градусқа бұрылды. Ал соққының қатты болғаны соншалық, оның ішінде отырған 38 жастағы әйел әйнекті жарып, сыртқа ұшып кеткен. Жол ортасына аунап түскен әйелдің аман қалуының бір себебі қиылыстағы көліктер бағдаршамға тоқтап тұрған.  Куәгерлер зардап шеккен адамға жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсетіпті. Қазір, дәрігерлер әйелдің жағдайын өте ауыр деп бағалауда.

Эльмира Темірғалиева, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- 1983 жылы туған әйел адам жедел жәрдем көлігімен бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Миы шайқалған. Сонымен қатар жамбасы, оң жақ 5-ші, 6-шы, 7-ші  қабырғалары сынған. Екінші дәрежелі шок алған.  Қазіргі уақытта политравма бөлімшесінде жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде