{metadescription}
Елімізден шөп пен бірқатар мал азығын шетелге экспорттауға тыйым салынады
Елімізден шөп пен бірқатар мал азығын шетелге экспорттауға тыйым салынады

Елімізден шөп пен бірқатар мал азығын шетелге экспорттауға тыйым салынады

Елімізден шөп пен бірқатар мал азығын шетелге экспорттауға тыйым салынады. Батыстағы қуаңшылық зардабынан соң Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай шектеу шарасын қабылдады. Әйтпесе шаруалар малға тіпті азық таппай қалуы мүмкін. Өйткені, біз ғана емес, көрші елдер де құрғақшылықтан зардап шегіп отыр.

Министрлік экспортты шектеу мерзімін 6 айға белгілеп отыр. Шешім бір аптадан соң күшіне енеді. Сол аралықта шөп, сүрлем, қарабидай мен сұлы елден сыртқа шығарылмауы тиіс. Өйткені, осындай мал азығына өз шаруаларымыз жұтап отыр. Айта кетейік, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында қуаңшылықтан жайылым түгел қурап кеткен еді. Есесіне, шөп бағасы бірден шарықтап шыға келді. Әсіресе, түк таппаған түйелердің картон қағаз жеп тұрғаны елдің зәресін алған. Қабырғасы ырсиған жылқылар да жағаны ұстатты. Сөйтсе, мұндай қуаңшылық бізде ғана емес екен. Былтырдың өзінде елімізден 2 жарым мың тонна шөп шетелге сатылыпты. Негізінен Қытай мен Түркия асырылған. Ал қазір министрліктің мәліметінше, өз шаруаларымыз үшін 17 миллион тонна азық дайындалған.

Ерлан Ілиясов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма басшысы

- Көршілес елдерде, Қырғызстанда, Ресейдің шекаралас облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты азық жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан сол облыстардан біздің өндірілетін азықты алып кету қаупі бар. Сондай жағдай болмауы үшін, ішкі тұтынуды қамтамасыз ету үшін сондай шектеу қойып отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.