{metadescription}
Жамбыл облысындағы темір жол өткелін су шайып кетті
Жамбыл облысындағы темір жол өткелін су шайып кетті

Жамбыл облысындағы темір жол өткелін су шайып кетті

Көпір мен күре жол қалпына келтірілді. Кеше Жамбыл облысында жауған қатты жауынның кесірінен Аспара ауылы тұсындағы темір жол өткелі мен тасжолды су шайып кеткен еді. Бүгін ондағы қозғалыс қайта жанданған. 

Мынаны қараңыздар, теміржол, асфальт бәрі ағып кетті, жолдың бәрі жабық. Мынаның бәрі ағып жатыр, топан су ұқсап. Қайдан келіп жатқан су білмейді ешкім.

Кеше күндіз Меркі ауданының таулы аймағында нөсер жауын жауған. Содан пайда болған топан су, сай-саланы қуып, төмен қарай аққан. Арнаны бойлай келген арқыраған су өткелдерге сыймай, темір жол көпірі мен жаңа салынған тас жолды шайып кеткен. Амалсыз пойыздар мен көліктер қозғалысы тежелген еді. 6 бірдей жолаушы пойызы кестеден кешікті. Ал, машиналар айналма жолмен қатынауға мәжбүр болған. Мамандар түнімен оқиға орнында жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қираған өткелдерді қалпына келтіріп үлгерді. Оған 20 техника мен 50 ден астам адам жұмылдырылған

Нұржан КАЛЕНДЕРОВ, Шу ауданының әкімі:

- Нәтижесінде 2 сағат 40 минутта бір бағыт бойынша темір жол толығымен жөнделіп, тиісті пойыздар жүргізілді. Азанда сағат 8 : 20 да екінші бағыт бойынша да толығымен жөндеу жұмыстары бітіп, қайта қалпына келтіріліп,шектеусіз пойыздар жүріп жатыр. Қазіргі таңда автомобиль, темір жол барлық көлік бойынша шектеусіз жүргізілу қамтамасыз етілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.