{metadescription}
Маңғыстау облысында жалған ПТР сатқан фельдшер қолға түсті
Маңғыстау облысында жалған ПТР сатқан фельдшер қолға түсті

Маңғыстау облысында жалған ПТР сатқан фельдшер қолға түсті

Маңғыстау облысында да жалған ПТР анықтамасын сатқан фельдшер ұсталды. «Құрық» теңіз портында қызмет ететін 21 жастағы маман шекарадан өтетіндерге медициналық анықтаманы үш мың мен он мың теңге аралағында саудалаған.

Ішкі істер министрлігінің айтуынша, 21 жастағы порт фельдшері ПТР анықтамаларын қолдан жасап, сыбайластары арқылы сатып отырған. Күдіктінің үйінен жалған ПТР анықтамалары мен құжатты әзірлеуге қажетті арнайы техника табылған. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нақты күдіктінің жалған құжатты неше адамға өткізгені тексеріліп, қылмыстық істің ауқымы анықталып жатыр.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі

- «Құрық» теңіз портының фельдшері болып жұмыс жасайтын 21 жастағы жергілікті тұрғын Қазақстанға кіретін және шығатын жолаушылар ПТР тестті қолдан жасап, өзінің қызметіне 3 және 10 мың теңге аралығында сыйақы тағайындаған. + Күдіктіден сатуға дайындаған 48 жалған ПТР тест қағаз үлгісі, ноутбук, принтер және ковидқа қатысты құжат дайындауда пайдаланылатын техника тәркіленді

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде