{metadescription}
ПТР тест сатқан студент ұсталды
ПТР тест сатқан студент ұсталды

ПТР тест сатқан студент ұсталды

Студентке дейін тест сатқан! Алматыда жасанды ПТР тесттің саудасын қыздырған мейіргер ұсталды. Медициналық университеттердің бірінде оқитын студент қолдан жазып берген әр қағаз үшін 20 мың теңгеден алып отырыпты. 

«Саудагерді» клиенттерінің бірі ұстап берді. Полиция 25 жастағы жігітті жұмыс орнында жүрген жерінен тұтқындап алып кетті. Қаладағы белді медициналық жоғары оқу орнының студенті Тәжікстан азаматы. Шетелден студенттер алмасу бағдарламасы бойынша келген. Жеке медициналық орталықтардың бірінде мейіргер боп істейтін ол ПТР-тестін сатумен айналысыпты. «Ковид емес» деген әр қағазды 20 мың теңгеге сатқан. Қолма-қол ұсталғанына қарамастан, шетелдік студент «азаматтардың өздері алдап, сатқызды» деп ақталып әлек. 20 мың теңгеге құныққан жігіт енді 6 миллион теңге айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Күдікті

- Мен «Ардақ» медициналық орталығында жұмыс істеймін. Мені алдады. Айтты «ауырмайды, бәрі жақсы, денсаулығына шағымы жоқ» деді. ПТР тест үшін 20 мың теңге алдым. Тек бір адамға ғана жасап бердім. Басқа ешкімге тест сатқаным жоқ. Мен қателестім, өз қатемді түсіндім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде