Қарағандыда белсенділер мен санитар дәрігерлер кезекті рет қызылкеңірдек болды
Қарағандыда белсенділер мен санитар дәрігерлер кезекті рет қызылкеңірдек болды. Даудың басы баяғы вакцинация. Антиваксерлер құқықтарының тапталып жатқанын айтса, ақ халаттылар екпенің пайдасын дәлелдеуге тағы тырысты.
Автор: Cаят Дәулетжанұлы
16.08.2021
Ольга Юрковская, Қарағанды қаласының тұрғыны
- Біз мәжбүрлі вакцинациялауға қарсымыз. Неге мәжбүрлейді, егілмесеңдер жұмысқа кіргізбейміз дейді. Елдер екі ай бойы сенделіп, осыдан шығудың жолдарын іздеп тентіреп кетті. Әркім өзінше амалдайды. Екпеге қарсы көрсетілімі бар деген анықтама алу қиындады. Емханалар ковидті сылтауратып дұрыс жұмыс жасап жатқан жоқ. Биліктегілер осы науқанның жүйелі алгоритмін жасамаған. Дәрігерлер бір басқа, шенеуніктер бір басқа сөйлейді.
Вакцинациядан бас тарту, елдегі денсаулық сақтау жүйесі мен препараттарға деген сенімсіздіктен туындап отыр дейді. Ал мүгедектердің вакцинадан босатылатын құқық алуын қиындатуы күдікті одан ары күшейтеді екен. Ал дәрігерлер болса, кеселдің барын мойындамайтындарды ковид госпитальдерінде өлім аузында жатқандарды көруге шақырды. Мамандардың айтуынша аталған инфекция өткен ғасырдың ортасында-ақ анықталған. Содан бері оған қарсы вакцина жасау жұмыстары жалғасып келе жатыр. Тек қауіпті кесел мутацияланды. Каронавирустың барына сенбей, қауіпсіздікті ысырып қоятын даурықпалардың кесірінен вирустың түрлі штаммдары шығуда.
Жақия Жәшібекова Қарағанды облыстық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім меңгерушісі
- Өткен жылдардың тәжірибесіне сүйеніп айтар болсақ, осы вакцинациялаудың арқасында қауіпті саналатын қызылша ауру қазір жоқ. Бала күндеріңізде қызылша, сіреспе және дифтериямен ауырдыңыз ба? Жоқ. Ол вакцинаның арқасы. Вакцина болмаса тегіс қырылар едік. Ковидке қарсы вакцинаның платформасы жарты ғасыр бұрын құрылды. 2019 жылы басталған жоқ бұл жұмыс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!