{metadescription}
Қазақстандықтар қытайлық Vero Сell вакцинасын салдыра бастады
Қазақстандықтар қытайлық Vero Сell вакцинасын салдыра бастады

Қазақстандықтар қытайлық Vero Сell вакцинасын салдыра бастады

Бүгіннен бастап алматылықтар коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны таңдау мүмкіндігіне ие. Vero Сell екпесінің он мың дозасы қазір шаһардың барлық екпе егу пунктеріне таратылған. Айта кетейік,  Sinopharm компаниясының өнімі екі дозалы. Бұл препарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында ресми түрде тіркелген.

Vero Сell-ді асыға күткендердің бірі  Наталья Ким. Жұмыс бабымен шетелге жиі шығатын әйел қытайлық вакцина туралы көп оқығанын жеткізді. Сан алуан ақпаратты саралай келе оның таңдауы осы екпеге түсіпті.

Наталья Ким, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қытайлық вакцинаны таңдауымның басты себебі  басқа мемлекетке шыға бересің. Талай танысым басқа екпені салдырып, сосын ПТР тест тапсырып жүрді. Бұл артық шығын деп ойлаймын. Қытайлық вакцина туралы көп оқыдым. Ауру жұқтырсаң да жеңіл өтеді деген ақпарат бар. Қазір салдырдым. Жағдайым жақсы.  

Алматыда қытайлық вакцинаның он мың дозасы бар. Алдағы күндері тағы 35 мың ампуласын әкелу жоспарланған. Қалада 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. Аталған екпе келгелі вакцина салдыруға келетіндердің қарасы көбейді дейді дәрігерлер. Бүгіннің өзінде Vero Сell-дің бірінші компонентін 300-ден астам адам алыпты.

Айгүл Байболатова, терапевт:

- Бүгін вакцинаға келіп жатқан адамдар көбейді. Көбісі Vero Сell вакцинасын таңдап жатыр. Біздің пунктің өзінде 80 адам осы вакцинаны таңдады. Олардың саны әлі де көбейетініне сенімдімін. Жалпы, күн сайын осы ойын-сауық орталығында кемі 500 адам егіледі. Қытайлық вакцина қосылғалы бұл көрсеткіш артады деп отырмыз.  

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары да Vero Сell вакцинасын да бүгіннен бастап салдырып жатыр. Елордаға қытайлық екпенің әзірге 17 мың дозасы әкелінген. Мақтаулы вакцина белсенді емес. Препарат 18 жастан асқан азаматтарға арналған. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, Vero Сell қауіпті кеселмен күресте 79 пайызға тиімді екенін көрсетіпті.

Әлия Рүстемова, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Бұл вакцина қауіпсіз. Оны 45 мемлекеттің тұрғындары салдырып жатыр. Бірінші және екінші дозаның салыну аралығы 21-28 күн. Нұр-Сұлтан қаласында таңертеңнен бері 300 адам осы қытайлық вакцинаны алды. Тамыз айының соңына дейін елордаға Vero Сell-дің тағы 90 мың дозасы келеді. Тұрғындардың бұл вакцинаға деген көсқарасы оң екенін байқадық.

Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы Атырау облысына да жеткізілді. Бірақ Мұнайлы өлкенің жұртына қытайлық екпе ертеңнен бастап қолжетімді болады. Өйткені, фармацевтикалық қоймаға әкелінген 10 мың дозаны егу пунктеріне үлестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Әлемдік мамандар Vero Cell-ді  18 жасқа толмаған адамдарға, жүкті және бала емізетін аналарға, аллергияға, эпилепсиясы, Гийена-Барре синдромы бар науқастарға салуға болмайтынын ескертеді. 

Асхан Байдуәлиев, Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Аталған вакцина да екі компонентті. Біз қытайлық екпені алдық. Оның сақталу температурасы +2 және +8 градус. Вакцинаны әр аудан мен медициналық мекемеге тарату жұмыстары жүріп жатыр. Вакцинаның клиникалық сынақтары бірнеше елдерде жүргізілді. Өте тиімді. Вакцинадан кейін вирус жұқтырғанның өзінде ауру жеңіл өтеді. Ертеңнен бастап атыраулықтарды екпе егу пунктерінде күтеміз.

Қытайлық вакцина елімізде КВИ-на қарсы тіркелген бесінші екпе болды. Бірақ республика бойынша тұрғындар ресейлік Спутник V, отандық Qazvac және қытайлық Vero Cell вакцинасын салдырта алады. Қазақстан осы Sinopharm компаниясының екпесінің 4 миллион дозасын сатып алған еді. Елге әзірге бірінші партиясы яғни миллион дозасы жеткізілді. Қалған бөлігі алдағы уақытта рет-ретімен әкелу жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде