Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасында мемлекеттік сапармен жүр. Сол елдің басшысы Мун Чжэ Инмен келелі кездесу өткізген Президент Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін сөз етіп, қос тарап бірнеше маңызды құжатқа қол қойды. Ал мемлекет басшысының сапары Сеулде орналасқан Көк үйдегі ресми рәсімнен басталды.
Автор: Мақсат Мәлік
17.08.2021
Оңтүстік Корея -Азия құрлығындағы маңызды әріптес деген Қасым-Жомарт Тоқаев корей халқының қонақжайлығына ризашылығын білдірді. Өйткені, 30 жыл ішінде екі мемлекет арасындағы ынтамақтастық нығая түскен. Осы уақыт аралығында Корея Республикасынан 6 миллиард доллардан астам инвестиция тартылыпты. Бұл бағытты одан әрі жалғастырамыз деген Президент қазір елімізде кореялықтар қаржы құйған 550 компания жұмыс істейтінін айтты. Қазақстандық делегация әріптес елдің жоғары технологиялар мен денсаулық сақтау саласын дамыту тәжірибесіне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, көлік жасау, тұрғын үй құрылысы, металлургия және ауылшаруашылығы саласында құны 1 жарым миллард доллардан асатын 16 инвестициялық жобаның іске асырылатыны белгілі болды. Қасым-Жомарт Тоқаев саяси-экономикалық салмағы басым басқосудан бөлек Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге де қатысты. Айта кетейік, тағдырдың жазуымен Қызылордада жерленген генералдың сүйегі салтанатты түрде еліне жеткізілген болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Респбуликасының Президенті:
- Баршаңызға мәлім, кезінде корей ұлтының көптеген өкілі қазақстанға еріксіз қоныс аударды.Олар қазақ елінде өсіп-өніп, нағыз отандастарымызға айналды. Біздің елде әр этностың өз тамырынан ажырамай, тілі мен дінін сақтауына барлық жағдай жасалған. Корей диаспросы да осы игілікті көріп отыр. Елімізде қазақстан корейлерінің қауымдастығы бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!