{metadescription}
Тәліптермен алғаш болып Ресей байланыс орнатуы мүмкін
Тәліптермен алғаш болып Ресей байланыс орнатуы мүмкін

Тәліптермен алғаш болып Ресей байланыс орнатуы мүмкін

Ал халықаралық қауымдастық Ауғанстанның жаңа билігін мойындау мәселесін қарай бастады. Тәліптердің үкіметімен алғашқылардың бірі болып Ресей байланыс орнатауы мүмкін.

Кремль тәліптермен келіссөзді бастап кеткен де сыңайлы. Өйткені, Ресей елшісі Дмитрий Жирнов Ауғанстанда тұрып жатқан ресейліктердің қауіпсіздігіне кепілдік берілді деп ресми хабарлады. Керісінше, Ашраф Ғанидің кезінде күнделікті 4-5 мәрте жарылыс болатынын айтып, тәліптер келгелі тыныштық орнады деп мақтаған. Десе де, Ресей екі жақты саяси достастықты қағаз жүзінде бекітуге асықпайтын сыңайлы. Ол үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері тәліптердің қайта соғыс ашпайтынына көз жеткізу керек деп отыр. Талибанмен Қытай да қарым-қатынас орнатуға дайын. Ал Ауғанстан Ислам Әмірлігін орнатқан тәліптер тұрғындардың қауіпсіздігін сақтап, сырт елдермен байланыс орнатуға дайын екенін айтып, сендіруге тырысуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде