{metadescription}
0:000:00
Қарулы күштеріміз қырағылықты күшейтті

Қарулы күштеріміз қырағылықты күшейтті

Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты еліміздің Қарулы Күштері қырағылықты күшейтті. Бұл алдымен, арнайы операциялар күштерінің бөлімшелеріне, майдан және әскери-көлік авиациясына, әуе шабуылына қарсы қорғанысқа қатысты.

Дәурен Абдуллин, ҚР ҚК Бас штабы Стратегиялық жоспарлау департаменті басқармасының бастығы:

- Әуе кеңістігін қорғау бойынша қызмет атқаратын кезекші күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс және майдан авиациясы құралдарының құрамы ұлғайтылды. Әскери нысандардың диверсияға қарсы қауіпсіздігі күшейтіліп, қоймалар мен арсеналдарды күзету үшін қосымша жасақтар бөлінді. Арнайы операциялар мен әскери көлік авиациясы күштерінің бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Бұдан бөлек, дағдарысқа тап болған жағдайда кезекші күштердің іс-қимыл тәртібі нақтыланып, жаттығулар өткізілген. Осындай жағдайда бірлесе қимылдайтын мемлекеттік органдар мен әскери құрылымдар арасында өзара байланыс та ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Қарулы күштердің мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту жөніндегі іс-қимыл жоспары нақтыланған. Айта кетейік, алдағы аптада әскерилердің оқ атуы, әскери міндеттілердің жиыны, жауынгерлік оқу-жаттығуы жоспарланып отыр. Одан бөлек, әскеріміз тамыздың 22-сінен бастап «АрХО 2021» әскери ойындарына қатыса бастайды. Сонымен қатар, заңнамаға өзгеріс енгізілуі мүмкін. Яғни, офицер атағын алған әскери кафедра түлектері енді әскерге шақыртылып, міндетті түрде әскери қызметін өтемек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде