{metadescription}
Мұғалімдер жаңа ереже бойынша жұмысқа қабылданды
Мұғалімдер жаңа ереже бойынша жұмысқа қабылданды

Мұғалімдер жаңа ереже бойынша жұмысқа қабылданды

Ақтауда 150-ге жуық мұғалім жаңа ереже бойынша жұмысқа қабылданды. Бұрынғысынша директорлар емес, енді ұстаздар қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссияның алдында сұрақтарға жауап беріп, әңгімелесу әдісі арқылы сынақтан өтті. Бір аптаға созылған шарада 765 ұстаз өз бағын сынаған. Нәтижесінде 150-ге жуығы іріктеліп алынды. Бүгінде олардың бірқатары құжаттарын өткізіп, жұмысты бастап кеткен.

Нұрсұлу Жарылқасынқызы, тарих пәнінің мұғалімі:

- Әлеуметтік желіден көрдім. №19 мектеп-гиназиясында әңгімелесу арқылы қабылдап жатқанын көрдім. Осы қабылдауға келдім. Маған сұрақтар қойды. Төрт жыл бойы оқыған біліміме, теория, практика туралы сұрақтар қойылды. Жауап бердім. Жетістіктерімді көрсеттім.

Педагогтарды іріктеуге қалалық білім бөлімі араласпаған. Жаңа бастама еңбек кодексінің 139 шы бабына сәйкес жүзеге асырылған.  Ұстаздар комиссияға жетістіктерін көрсетіп, тосыннан қойылған түрлі сұрақтарға жауап берген. Бұл жүйе Білім және ғылым министрлігінің қойған талабы, яғни ашықтық қағидатына толығымен сай келеді, дейді жауаптылар. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, ел арасында жүрген түрлі алып-қашпа әңгімелерді жою үшін жасалған ерекше әдіс. Іріктеу барысында білікті, санаты жоғары зерттеуші ұстаздар мен жас мамандарға басымдық беріледі.

Мадина Абдиева, Ақтау қалалық №19 мектеп-гимназиясы директорының м.а.  

- Ұстаздарды қабылдау өте қиын болды және бұл қазіргі өзіміздің ішімізде жүрген халықтың ішінде жүрген келеңсіз әңгімелер міне осылардың барлығын осылай еңбек кодексінің 139 бабын басшылыққа ала отырып әңгімелесумен қабылдап алуды шешім деп қабылдадық. + Бойында жігері бар ар жағында өзі алып кетуге құштары бар өзінің мектепте бала тәрбиелеуге шағын жоспары бар идеялары бар жас мамандар іріктеліп алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде